Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мүмкіндік – жаңа жауапкершілік

Жаңа мүмкіндік – жаңа жауапкершілік



Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда сала мамандарының еңбегі зор. Тәртіпті қатаң қадағалайтын полиция қызметкерлерінің тірлігі қашанда қарбаласқа толы, үнемі қауырт. Асқан қырағылық пен табандылықты талап ететін бұл қызметтің жауапкершілік жүгін арқалау оңай емес. Жақында аудандық полиция бөлімінің материалдық-техникалық базасыайтарлықтай нығайтылып, аудан көшелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жаңа қызметтік көліктер таныстырылды.
Қазалылық тәртіп сақшыларының жедел әрекет етумүмкіндігі артты. Өңірдегі қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында аудандық полиция бөліміне 7 жаңа арнайы қызметтік автокөлік табысталды. Бұл – полицияның материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың бірбөлігі. Кәсіби мерекелерін атап өткен Қазақстан полициясының қызметкерлері үшін қуанышты жаңалық орын алды. 23 маусым – Қазақстан полициясы күніне орай, облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиында өңірдегі құқық қорғау органдарына 94 арнайы қызметтік автокөліктің кілті табысталған болатын. Бұл игі бастаманың жалғасы ретінде, жақында ауданынға бөлінген заманауи автокөліктердің таныстырылымы өтті.Шараға қатысқан аудан әкімі Алмасбек Есмаханов полиция қызметкерлерін жаңа техникамен құттықтап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.
– Қоғам дамуының басты мұраты – елдің тыныштығы. Бұл орайда жоғары кәсібилікті, асқан жауапкершілікті талап ететін әрі өмірі қауіп-қатерге толы полиция қызметкерлерінің еңбегі қашанда зор құрметке лайық. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтап, қылмыстың алдын алу жолындағы Сіздердің күнді түнге жалғаған еселі еңбектеріңіз әрдайым ел есінде. Мемлекет тарапынан материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында барлық жағдай жасалуда. Полиция күніне орай облыс орталығында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының қатысуымен полиция қызметкерлеріне 94 арнайы автокөліктің кілті табысталды. Соның ішінде 7 қызметтік автокөлік Қазалы аудандық полиция бөліміне беріліп отыр. Бұл – құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырып, халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен қолдау. Ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда абыроймен қызмет ете беріңіздер!– аудан басшысы өз сөзінде.
Жаңа көліктер тәртіп сақшыларының жедел әрекет ету қабілетін арттырып, құқықбұзушылықтардың алдын алуда және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде тиімді құрал болмақ. Ауданда қылмыстың алдын алу тек техникамен ғана емес, сонымен қатар заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы да жүзеге асырылуда. 
Қазіргі таңда Қазалы ауданы бойынша қоғамдық орындарда 72 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олар тәртіпті қадағалаумен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге полиция бөлімінің ғимаратында кіші Жедел басқару орталығы жұмыс істеп, барлық ақпаратты жүйелі түрде талдап отырады. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен кешенді жұмыстарының оң нәтижесі статистикалық көрсеткіштерден де көрініс табуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, аудандағы қылмыс деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50-ден 40-қа дейін, яки 10 пайызға төмендеген.
Бүгінде аудандағы 100-ден астам полиция қызметкері ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында абыройлы қызмет атқаруда. Жаңадан қосылған техникалар өңірдегі құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға серпін беретіні сөзсіз.
Аудандағы құқықтық тәртіптің жағдайы оң бағытта дамып келеді. 7 жаңа автокөлікпен толыққан автопарк және цифрлық бақылау полиция қызметкерлерінің жұмысын жеделдетіп қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Қылмыстың азаюы – жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі. Ел тыныштығы – ең басты құндылық, ал техникалық тұрғыдан жарақтанған полиция – сол тыныштықтың кепілі.
Айнұр ӘЛИ,
коллаж автордікі
 
 
 
 
30 маусым 2026 ж. 30 0

Ел дамуының жаңа кезеңі

30 маусым 2026 ж. 35

Қамқорлығы мол Қаршыға

30 маусым 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930