Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәурен – үздік инспектор

Дәурен – үздік инспектор

Халықтың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы бас¬ты күш – құқық қорғау органдарында. Соның ішінде ішкі істер бөлімінің қырағы сақшыларының еңбегі елімізде жоғары бағаланады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл салада шыңдалып, қоғамның әрбір мүшесі үшін өмірдің қаншалықты маңызға ие екенін жақсы білеміз.
Ел тыныштығы, тұрғындар қауіп¬сіздігі, қылмыскерлерді құрықтау, заңсыздықты анықтау – тәртіп сақшыларының мойнында. Ауданда қылмысты азайтып, түрлі келеңсіз оқиғалардын алдын-алуға, тәртіп бұзушылықты тізгіндеуде учаскелік полицияның еңбегі көп. Жақында Қазалы ауданы полиция бөлімінің үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды.
Қоғамның қауіпсіздігі мен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында, жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет ететін учаскелік полиция инспекторларына жүктелген жауапкершілік мол. Үнемі қылмыстың алдын алу мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу бағытындағы қызметті қалтқысыз орындап, тұрғындармен кері байланысты сапалы жүргізуге міндетті. Осы қызметін қырағылықпен атқарып жүрген өңірдің үздік учаскелік полиция инспекторлары өзара сайысқа түсіп, кәсіби қабілеттерін көрсетіп бақ сынасты.
Полиция қызметкері – қоғамдық тәртіптің басты сақшысы. Сол сала маманы болуы үшін – ең алдымен физикалық тұрғыдан мықты, жүйкесі берік, шапшаң әрекет ете алатын, барынша адал әрі психолог болуы тиіс. Қойылатын талаптардың да үдесінен шығу – оңай болмасы анық.
Осындай қажыр-қайратты қажет ететін мамандыққа өмірін арнап жүрген жанның бірі үздік болып анықталды. Қазалы ауданының полиция бөлімі аумағы бойынша жауапты учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Дәурен Кұрмарзаев ауданның үздік учаскелік полиция инспекторы болып анықталып, Қызылорда облысының Полиция департаментінде өтетін байқауға жолдама алды.
А. АЙДАРҚЫЗЫ

09 тамыз 2025 ж. 268 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 30

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031