Конституция
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жалдамалы пәтерлерге бақылау күшейетін болды: тексеру кімдерге арналған

Қазақстанда жалдамалы пәтерлерге бақылау күшейетін болды: тексеру кімдерге арналған

Мұндай бақылаудың басты мақсаты – жалған жалдау келісімшарттарын анықтау
Қазақстанда жалдамалы пәтерлерге бақылау күшейетін болды: тексеру кімдерге арналған
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда 12 шілдеден бастап мемлекеттен жалға берілетін баспанаға субсидия алатын азаматтарға бақылау күшейеді. Енді әкімдік пен Отбасы банкінің мамандары жалдамалы пәтерлерді аралап, субсидия алушылардың сол мекенжайда шынымен тұрып жатқанын тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барлық қазақстандыққа қатысты емес. Бұл шара мемлекет жалдау ақысының 50 пайызын төлеп беретін әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға ғана жүргізіледі. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, жетім балалар, I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар.
Мемлекеттік қолдауды алу үшін табысқа қойылатын талап өзгермейді. Отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа айлық табыс бір күнкөріс деңгейінен аспауы тиіс. 2026 жылы бұл көрсеткіш – 50 851 теңге.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, субсидия алушылардың нақты тұрып жатқан жерін бақылау бұрыннан болған. Бірақ енді тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп, Отбасы банкінің және министрліктің ақпараттық жүйелері өзара біріктіріледі.
Мұндай бақылаудың басты мақсаты – жалған жалдау келісімшарттарын анықтау. Өйткені кейбір азаматтар мемлекеттен субсидия алу үшін пәтерді тек қағаз жүзінде жалдап көрсетіп, бюджет қаржысын заңсыз иеленетін жағдайлар кездеседі.
Ал нарық бағасымен өз бетінше пәтер жалдап немесе жалға беріп жүрген азаматтарға алаңдауға негіз жоқ. Олар бұл тексеруге кірмейді.
Сондай-ақ тексерушілердің тұрғын үйге рұқсатсыз кіруіне немесе есікті бұзып ашуына құқығы жоқ. Тексеру қолданыстағы заң талаптарына және тұрғын үйге қол сұқпаушылық қағидатына сай жүргізіледі.



29 маусым 2026 ж. 46 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930