Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғын үй жалдау субсидиясы қай айдан бастап есептеледі

Тұрғын үй жалдау субсидиясы қай айдан бастап есептеледі

Тұрғын үй жалдау субсидиясына берілген 30 мың өтініштің 12 мыңнан астамы көп балалы отбасылардан түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өтініш бергендердің ішіндегі көпбалалы отбасылардың үлесі басым – 12 152, ал І және ІІ топтағы мүгедектер (3 485) мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың (3 587) үлесі бір-біріне жақын. Жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалардың (415) үлесі төмен», - деп жазылған «Отбасы банк» акционерлік қоғамы ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауапта.
Акционерлік қоғамның баспасөз қызметі аталған субсидия өтініші мақұлданған адамдарға қай айдан бастап есептелетінін түсіндірді.
«Субсидияға үміткер otbasybank.kz порталындағы жалдау шартына қол қойып, құжат мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және де жалға алушы жалдамалы пәтердің 50% банк шотына аударғаннан кейін ғана субсидия төлемдері жалға берушінің шотына жөнелтіледі», - делінген ресми жауапта.
Еске салсақ, тұрғын үй жалдау төлемдерін алуға мына төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:
- І және І топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- көп балалы отбасылар.
18 тамыз 2022 ж. 447 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031