Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттың алтын діңгегі

Ұлттың алтын діңгегі

«Қазақ әйелінің күші – сөзінде емес, ісінде. Мейірімінде емес, мінезінде. Көркінде емес, көрегендігінде». Осынау терең мағыналы сөздер – ана атты ұлылықтың айшықты белгісіндей. Жақында ауданда «Сарқылмайтын жылылық – Ана аты – Ұлылық» атты тағылымды кеш өтіп, қоғамның алтын діңгегі саналатын нәзік жандылардың еңбегіне тағзым жасалды.
Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанованың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақ әйелі – ұлт тірегі» аудандық жобасы аясында ұйымдастырылған шараның маңызы ерекше. «Руханият» орталығында өткен кештің шымылдығын ашқан Роза Шорақызы қазақ әйелінің қоғамдағы орны, аналардың өнегелі өмір жолы мен ұлт тәрбиесіндегі рөлі жайында тебірене сөз қозғады.
Игі шараға Шәкен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Шәки Ермаханова ұйытқы болды. Кештің ең салтанатты сәті – құрметті аналармен сырлы сұқбат құру еді. Төрден орын алған «Алтын құрсақты» ана, Қара Молда атаның келіні Айжамал Қозбағарова, «Еңбек ардагері» Злиха Кусуакова және өмір жолын медицина саласына арнаған еңбек ардагері, көп балалы ана Анар Тлеубергенова өздерінің тағылымды тәжірибелерімен бөлісті. Өткен өмір жолдарынан естеліктер айтып, жас аналар мен келіндерге ұлттық құндылықтарды сақтау, отбасы берекесін еселеу жайында құнды кеңестерін берді. Олардың әр сөзі өмір мектебін өткен, сабырлы да салиқалы жанның даналығын танытты.
Рухани сұқбат соңы көркем өнерге ұласты. Шәкен ауылдық клубы жанынан құрылған «Ақмаңдайлым» әжелер ансамблі сахнаның көркін ашып, әсем әндер мен мың бұралған билері арқылы жиналған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сахнадағы аналардың жанды дауыста шырқаған әндері залдағы барша әйел қауымының жүрегін елжіретті.Шара соңында аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова мен ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Шәки Кенжебайқызы алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Кештің соңы ақ жаулықты анамыз Айжамал Қозбағарованың батасымен түйінделіп, елімізге тыныштық, отбасыларға амандық тіледі.
Иә, ана – бесікті тербеткенде ұлт болашағын тербетеді. Ол – қиындықта қамал, шаттықта шабыт. Бүгінгі кеш барша қазақ аруларының ел мен жер алдындағы еңбегін бір мәрте айшықтай түскендей болды. Анасыз, әйелсіз ұлылық та, ұлт та жоқ жоқ емес пе?!
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
23 маусым 2026 ж. 36 0

Серт пен міндет биігінде

23 маусым 2026 ж. 40

Еңбекпен өрілген жол

23 маусым 2026 ж. 52

Гүл жайнаған балғындар

23 маусым 2026 ж. 39

Ұлттың алтын діңгегі

23 маусым 2026 ж. 37

Елге қызмет-ерге міндет

23 маусым 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930