Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбегімен елге сыйлы

Еңбегімен елге сыйлы

Ү.Түктібаев ауылында «Адал адам» мәдени тәрбие орталағының «Жанұя шуағы» бағыты аясында, «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай «Алтын ғасыр, алтын жүрек иелері» атты мерекелік кеш өткізілді. Ауыл тұрғындары Әбдіжаппар Есентемір мен Қапашова Мариямкүлдің отасқандарына 50 жыл толуына арналған шара шымылдығы кеш кейіпкерлерінің алғаш құрылыс алаңында танысқан сәтін бейнелейтін «Махаббат кірпіші» прологымен ашылды.
Ауыл әкімі Алмас Бегалиев құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің алғыс хатын табыстады. Әйтеке би кенті әйелдер кеңесінің төрайымы Райхан Сәдуақасқызы, Қазалы аудандық «Евразия Пресс» ЖШС директоры, «Ел тілегі» газетінің редакторы Гүлсім Ақжігітқызы, Қызылорда облысының демографиялық әйелдер кеңесінің мүшесі Гүлнар Тұяқбаева сөз алып, мазмұнды шараның маңызына тоқталса, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова Алғыс хат тапсырды. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Өтеген Жаниет, әйелдер кеңесінің төрайымы Ұлзада Әбілдә, «Орынбет ишан» мешітінің бас имамы Ізатов Ғабдулла ыстық ықыластарын білдіріп, сый-сияпат жасады. Қуаныш Мұқашов жырдан шашу шашты. Еңбектен өмірлері өрілген өнегелі отбасының достары, туыстары естеліктерімен бөлісіп, сый-сияпаттарын табыстады. Ауылдық клуб жанынан құралған «Асыл әжелер» тобы мен «Балапан» битобы өнер көрсетсе, өнерпаз Махамбет Нұргелді, қонақтар, сазгер Бектұрған Жібекәлі мен Байділдаева Жұмагүл, Есен Арапа әке-ана тақырыбында әндер орындалды. Өмір жолдарында кездескен қиындықтарға бірлік, татулық, сабыр мен жауапкершілік арқасында қол жеткізуге болатынын айтқан Әбдіжаппар ақсақал өздеріне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Гүлмира НИЕТОВА
08 қараша 2025 ж. 148 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 149

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 120

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930