Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар – асыл жандар, ардақтылар

Аналар – асыл жандар, ардақтылар

– Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген әйелдер қауымы тіршілікке нәр беретін ерекше күшке ие. Дана халқымыз ежелден нәзік жандыларын қастерлеп, шаңырақтың шырағы, ынтымақ пен ырыстың алтын діңгегі деп тануы бекер емес, – деген аудан әкімі бүгінде әйелдер қауымы отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, елдің дамуына үлес қосып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салада табысты еңбек етіп келе жатқанын ерекше атады.
Сөз тізгінін одан әрі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова жалғап, атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Одан соң облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова мен ­облыс әкімі жанындағы облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова қоғамдағы әйел азаматшалардың өзіндік рөлі мен ерекше белсенділіктері туралы кеңінен әңгімелеп, келелі ой-пікірімен бөлісті. Сондай-ақ Әйелдер кеңесінің алға қойған мақсат-мүдделеріне тоқталды.
Жиында ауданның өркендеуіне аянбай үлес қосқан белсенді әйелдер қауымы, іскер әйел-аналар, қыз-келіншектер аудан әкімінің және облыстық Әйелдер кеңесінің Алғыс хатымен марапатталып, аудан өнерпаздарының әуезді ән-жырын тамашалады.
Салтанатты шара соңында қатысушыларға аудан басшысының Жаңа жылдық сый сияпаты табыс етілді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
01 қаңтар 2022 ж. 763 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930