Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Жайылымнан трассаға дейін: полиция мал ұрлығын әшкереледі.
Фото: iStock
Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Алматы облысының Қарасай және Ұйғыр аудандарында полиция қызметкерлері екі қылмыстық топты ұстады. Қаскөйлердің алдын ала дайындалған тәсілмен әрекет еткені анықталды: олар далалы аймақта еркін жайылып жүрген қараусыз малды таңдап, оларды жақын маңдағы трассаларға айдап, сол жерде күтіп тұрған жүк көлігіне тиеген. Одан кейін ұрланған малды көршілес аудандарға тасымалдап, жергілікті тұрғындарға сатқан.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың 7 миллион теңгеден астам сомаға бағаланған 69 бас ұсақ малды, сондай-ақ шамамен 20 миллион теңге тұратын 43 бас ірі қараны ұрлауға қатысы бары дәлелденді. Барлық күдіктілер қамауға алынды.
– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мал ұрлағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін қауіпсіздік мәселесені ерекше назар аударуға шақырамыз: малды таңбалау жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндігінше жайылымды бақылауды қамтамасыз ету қажет, – деді ІІМ.
04 мамыр 2026 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031