Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жыл басынан бері 200-ге жуық мал ұрысы ұсталды

Қазақстанда жыл басынан бері 200-ге жуық мал ұрысы ұсталды

Жыл басынан бері 41 қылмыстық топ қолға түсті
Қазақстанда жыл басынан бері 200-ге жуық мал ұрысы ұсталды
Фото: istockphoto.com
Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Соңғы бес жылда ел бойынша мал ұрлығына қатысты қылмыстар едәуір төмендеді. Құзырлы орган бұл нәтижені қабылданған шаралармен байланыстырады.

Алматы облысында мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Алматы облысында жайылымнан ірі қара мал ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Тергеу барысында олардың 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді.
Күдіктілердің бірі – Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Олар әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, сойып, етін Алматы қаласындағы базарларда сатып отырған.

Павлодар облысында 70-тен астам жылқыны ұрлаған топ анықталды

Павлодар облысында да үш адамнан тұратын тағы бір қылмыстық топ қолға түсті. Олар 2023 жылдың желтоқсанынан бері Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған.
Күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеген, сол қызметін пайдаланып, екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны заңсыз иеленгені анықталды.

Мал ұрлығына қарсы күрес – полицияның басты бағыты

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мал ұрлығымен күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Нәтижесінде:
  • Соңғы 5 жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды;
  • 2024 жылдың басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі тіркеліп, қылмыскерлер ұсталды;
  • 41 қылмыстық топ залалсыздандырылды;
  • Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды.

ІІМ азаматтарға мал қауіпсіздігін сақтау бойынша кеңес береді

Министрлік қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік шараларын ескертеді:
  • Қораларды мықтап бекітіп, малды қараусыз қалдырмау;
  • Асыл тұқымды малдарға GPS-трекер орнату;
  • Мал басын чиптеу, сырғалау, ен салу және үнемі есепке алып отыру.



21 мамыр 2025 ж. 174 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930