Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ: Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды

ІІМ: Жыл басынан бері 190-ға жуық мал ұрысы ұсталды

Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығының саны 64%-ға азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысында криминалдық полиция қызметкерлері жайылымда жүрген ірі қара малды ұрлаған үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады.
Бүгінде аталған топтың жергілікті тұрғындарға тиесілі 30-дан астам сиырды ұрлағаны дәлелденді. Белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі Volkswagen жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Күдіктілер әр екі-үш күн сайын мал ұрлап, оны сойып, етін Алматы қаласының базарларында сатқан.

Павлодар облысында да полиция қызметкерлері үш адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Олар 2023 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Екібастұз ауданы аумағында жылқыларды ұрлаған. Тергеу барысында күдіктілердің бірі ауыл шаруашылығы серіктестігінде жылқышы болып жұмыс істеп, соңғы екі жыл ішінде 70-тен астам жылқыны ұрлағаны анықталды.

Мал ұрлығымен күрес – полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы бес жылда мал ұрлығы қылмыстарының саны 64%-ға азайған.

Жыл басынан бері 188 мал ұрлығы фактісі бойынша қылмыскерлер ұсталып, 41 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.
Ұрланған 1134 мал басы заңды иелеріне қайтарылды. Ішкі істер министрлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
қораларды бекітіп, малды қараусыз қалдырмау керек;
асыл тұқымды малды бақылауға алу мақсатында GPS-трекерлерді орнату сияқты заманауи тәсілдерді кеңінен қолдану қажет;
малды үнемі есепке алып отыру, чиптеу, сырғалау және ен салу керек.
21 мамыр 2025 ж. 107 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930