Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты мәжіліс өтті

Вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты мәжіліс өтті

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен вегетациялық кезеңге дайындық барысы және су жеткізу қызметінің тарифіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуге байланысты мәжіліс өтті.
Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Рысбек Шайхиев, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов, «Арал - Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Сейтқасым Әбуов, кент, қала және ауылдық округінің тиісті мамандары, шаруа қожалықтарының төрағалары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте барысында Сырдария өзеніндегі су тапшылығының салдарынан туындап отырған өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Аудан әкімі соңғы жылдары аймақта вегетациялық кезеңнің күрделі жағдайда өтіп жатқанын, соған қарамастан Мемлекет басшысы мен Үкіметтің, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауының арқасында салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Су тапшылығы жағдайларының орын алуы ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе суармалы егіншілікке кері әсерін тигізіп жатқандығын, биылғы вегетациялық кезеңнің де күрделі өту қаупі бар екені атап өтті.
Жиында аудан бойынша өткен жылғы және биылғы егіс көлемдері нақтыланып, негізгі дақыл – күріштің көлемі, өнімділігі және алдағы жоспарлар баяндалды. Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу, егіс алқаптарын әртараптандыру, лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізу мәселелері де кеңінен талқыланды.
Ауданға арнайы жұмыс сапырмен келген салалық мекеме өкілдері вегетация кезеңіне дайындық барысы, су жеткізу жүйесінің жағдайы және тарифтік саясат бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың сұрақтарына жауап берді.
Мәжілісте аудан басшысы егіс алқаптарына берілген су үшін бірқатар шаруашылықтардың берешегі бар екенін айтып, төлем тәртібін сақтау қажеттігінде ескертті. Алдағы егіс науқанын сапалы әрі уақытылы өткізу үшін барлық жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, көктемгі дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай ұйымдастыруды, ауыл шаруашылығы техникаларын толық дайындыққа келтіруді және су үнемдеу шараларын күшейтуді міндеттеді.
Су тапшылығын ескере отырып, суды аз қажет ететін дақылдардың үлесін арттыру, күріш көлемін кезең-кезеңімен қысқарту арқылы егіс құрылымын оңтайландыру қажеттігінде атап өтті.
Айта кетейік, биылғы жылы аудан бойынша 17 257 гектарға егін дақылдарын егу межеленген. Оның ішінде басты дақылымыз - күріш дақылы 5 400 гектарға, жаздық бидай 340 гектарға, арпа 60 гектарға, дәндік жүгері 500 гектарға, майлы дақылдар (мақсары) 316 гектарға, мал азығы дақылдары 8348 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2293 гектарға егу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
26 сәуір 2026 ж. 88 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930