Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда егін егу маусымына дайындық пен су тапшылығы мәселесі талқыланды

Қазалыда егін егу маусымына дайындық пен су тапшылығы мәселесі талқыланды

Қазалы ауданында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың қатысуымен Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мәселесі мен алдағы жылғы егін егу маусымының барысына байланысты арнайы мәжіліс өтті.
Мәжіліске ауданға жұмыс сапарымен келген «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Нәжмадин Шамұратов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік су инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов, «Қызылорда крахмал-сірне зауыты» ЖШС-нің директоры Шухрат Құрбанов және «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі Нұржан Жаналиев қатысты.
Жиынды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов жүргізіп, вегетациялық кезеңде аудандағы суармалы егіншілікпен айналысатын шаруашылықтардың өзекті мәселелерін көтерді. Сондай-ақ биылғы егін егу жұмыстарынның нәтижесімен келер жылғы егін егу кезеңіндегі жоспарланған жұмыстар жайында айтып өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ауданға арнайы келген Талғат Дүйсебаев, Нәжмадин Шамұратов, Шухрат Құрбанов сөз сөйлеп, егістікті суармалы сумен қамтамасыз ету, биылғы жылғы Сырдария өзеніндегі судың тапшылығы, егісті әртараптандыру жұмыстарын қолға алу, оның ішінде күріштің орнына су аз қажет ететін дақылдарға, жүгері, мақсары және өзге де балама егістерді қолға алу керектігін жеткізді.
Сонымен қатар «Жалаңтөс батыр» ЖШС-нің директоры Қасқырбай Әлімбай аудандағы егін шаруашылықтарының жағдайы жайында сөз қозғады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу аса маңызды екенін атап өтті. Осы орайда, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеудің бір жолы – егіс алқаптарын әртараптандыру екенін айтты. Алдағы вегетациялық кезеңге дайындықты қазірден бастап, көктемгі дала жұмыстарына қажетті тұқым, тыңайтқыш және техниканы толықтай әзірлеу қажеттігін жеткізді. Су көздерін тиімді пайдалану, арналарды тазалау мәселелері де күн тәртібінен түспеуі тиіс екенін атап өтті. Барлық шаруашылық басшыларына нақты жоспармен жұмыс жасап, аграрлық саланың тұрақтылығын қамтамасыз етуде бірлесе әрекет етуге шақырды. Сонымен қатар, осы мәселелер бойынша ауданға арнайы келіп, шаруаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқан басқарма басшысы мен азаматтарға аудан жұртшылығының атынан алғысын жеткізді.
28 қараша 2025 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930