Қазақ жерінен басталған жұлдызды жол
Адамзаттың ғарышқа қарап, жұлдыздарға қол созуы таным мен тағылымнан түбір алатын түрлі терең себептерге негізделген. Осы асыл арманын алып ұшқан ұмтылысы адамның табиғатының құмарлық, ізденімпаздың, болашаққа ұмтылыс және қауіптен қорғанудың ең биік көрінісі ғана емес техникалық үдеріс пен жаңашылдыққа жол ашты. 12 сәуір жыл сайын ғарышкерлер күні ретінде аталып өтеді. Бұл адамзат тарихындағы ең жарқын бетбұрысқа бастаған алғышартқа көрсетілген құрмет пен тағзым белгісі. Юрий Гагарин 1961 жылдың 12 сәуірінде «Восток-1» кемесімен Жерді бір рет 108 минут айналып шығып, алғашқы адам болып орбиталық ұшу жасады. Ресми негізделген тарихи дәйек Ю.Гагариннен бұрын адам орбитаға шықпағанын көрсетеді.
Одан бұрынғы сынақтарда адам емес, Иван Иванович есімді манекендер ұшқандығы туралы соңғы кезде жиі жазылып жүр. Олар радиобайланысты тексеру үшін адам дауысының жазбасын пайдаланған. КСРО-ның зымыран ұшыру операциясы әлі күнге дейін құпия болғандықтан, бұл нұсқаға да нақты дәлел жоқ.
Дегенмен Гагаринге дейінгі 1957–1961 жылдары маңызды қадамдар жасалғанын ғарыш жаңалықтары, миссиялар және қызықты мақалаларды жариялайтын «Space.com» ақпараттық агенттігі таратқан жариялым жоққа шығармайды.
Ғарышты игеру бірден адамнан басталмағаны белгілі. Алдымен технологияны сынау үшін спутниктер, жануарлар және автоматты аппараттар ұшырылған.
1957 жылы 4 қазанда әлемдегі алғашқы жасанды жер серігінің жерді айналып, сигнал жіберуі ғарыш эрасының басталуына негіз болған.
1957 жылы 3 қарашада алғашқы тірі организм орбитаға шықты. Өкініштісі тәжірибеші ит ғарышта өліп қалады.
Лайка иттің ұшуы бүкіл әлемді таңғалдырды, бірақ ол өліп қалғаны үшін КСРО-ны сынға алды. Ал Белка мен Стрелка 1960 жылы орбитаға шығып, тірі қайтып оралды. Бұл адамға деген сенімді арттырды. Олардың аман оралуының мақсаты Юрий Гагариннің 1961 жылғы ұшуына тікелей жол ашадыы.
Бортта Белка мен Стрелкадан басқа 40 тышқан, 2 егеуқұйрық, сұр қоян, жеміс шыбындары, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микробтар болады.
Барлық тірі организмдер де аман қайтып, ғарыштық биология үшін үлкен жеңіс әкеледі.Тәжірибе ұзақ уақыттық салмақсыздықтың ағзаға қалай әсер ететінін зерттеуге, ауырлық күшінің өзгеруі, космостық сәулелену әсерін бақылау, жанды организмдердің мұрагерлік қасиеттеріне әсерін тексеру, өмірді қамтамасыз ету жүйелерін сынау, кеменің қайту жүйесін тексеруге мүмкіндік береді.
Ұшудан кейін екеуі де сау болып шығады. Стрелка кейін 6 күшік туған. Олардың бірі — Пушинка — АҚШ президенті Джон Кеннедидің қызына сыйға тартылған. Белка мен Стрелка өмір бойы Мәскеудегі авиациялық медицина институтында бағылады. Кейін олардың денелері таксидермияланып, Мәскеудегі Мемориалдық ғарыш музейінде сақтаулы тұр.
1959 жылы айдың артқы бетінің алғашқы суреттері түсіріледі.1
958 жылы NASA құрылғанымен, АҚШ-тың алғашқы қадамдары КСРО-дан кейін басталды.
Құпия құрылыс қалай қаланды?
Қазақстан үшін ғарыштық миссияның орны ерекше. Себебі ұшу Байқоңырдан жүзеге асқан. Қазақ даласы – ғарыштық тарихтың куәгері.
12 сәуір 1961 жылы Юрий Гагарин «Восток-1» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, жерді айналып шықты. Бұл оқиға ғарыш эрасын бастады және бүкіл адамзат үшін символға айналды.
2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 12 сәуір Халықаралық ғарышкерлер күні деп жарияланды. Бұл күн ғарыш ғылымы мен технологиясының бейбіт мақсаттағы дамуын, тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесін және ғарышты бейбіт пайдалануды атап өтеді.
Байқоңыр – аумағы шамамен 6717 шақырымға жететін әлемдегі ең алғашқы және ең ірі ғарыш айлағы.
Байқоңырдың құрылуы Кеңес Одағының зымырандық-техникалық дамуымен тікелей байланысты және адамзаттың ғарышқа шығу тарихындағы бетбұрыс нүкте.
Оның негізі 1955 жылы қаланған. Қорғаныс министрлігінің Бас штабының директивасы КСРО Министрлер Кеңесі 1955 жылдың 12 ақпанында №292-181 қаулысын қабылдап, жаңа сынақ полигонын салуға шешім шығарғанын көрсеткен.
Алғашында бұл жер ғылыми-зерттеу сынақ полигоны №5 деп аталды және негізінен R-7 континентаралық баллистикалық зымыранын сынауға арналады. Құрылыс құпия түрде жүргізіледі. Әдепкі атауы «Тайга» немесе «Заря» кенті болады.
Таңдауға елді мекендерден алыс шөлді аймақ, ұшыру үшін қолайлы экваторға жақындығы, қайтып оралатын аппараттар үшін қолайлы қону аймақтары, теміржол және инфрақұрылым мүмкіндіктері себеп болады. Шөл дала, экстремалды климатта құрылыс қиын жағдайда өтеді.
1957 жылдың 15 мамырында ұшырылған алғашқы зымыран сынағы сәтсіз аяқталады. 1957 жылы 4 қазанда әлемдегі алғашқы жасанды Жер серігі Спутник-1 ұшырылады.
1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин «Восток-1» кемесімен ұшып, адамзат тарихында алғаш рет орбитаға шығады. Дәл осы оқиғадан кейін полигон ресми түрде Байқоңыр деп аталды.
Алғашында құпия нысан болғандықтан, 1961 жылға дейін әлем Байқоңырдың бар екенін білмеді. Гагарин ұшуы кезінде координаттар «Байқоңыр ауылының маңы» деп көрсетілді.
Бұдан кейін Байқоңырдан алғашқы әйел ғарышкер Валентина Терешкова 1963 жылы, басқа да көптеген миссиялар ұшады. Айға алғашқы аппараттар «Luna» сериясы, «Мир» станциясы және тағы басқалары осы жерден басталды.
Тәуелсіздік жылдарындағы Байқоңыр
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Байқоңыр Қазақстанның меншігіне өтті. 1994 жылы Қазақстан мен Ресей арасында келісім жасалып, ғарыш айлағы Ресейге 20 жылға жалға берілді. 2004 жылы жалдау мерзімі 2050 жылға дейін ұзартылады.
Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов дәл осы Байқоңырдан ұшады.
№1 старттық алаңнан 600-ден астам ұшыру «Гагарин старты» әлі күнге дейін жұмыс істейді
Байқоңырдан Жердің жасанды серіктерінің төрттен бір бөлігі ұшырылған.
Қазір «Бәйтерек» жобасы сияқты жаңа бастамалар арқылы экологиялық таза ұшырулар мен туризм дамып келеді.
Тәуелсіздік жылдарында Байқоңыр Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығының негізі болып қалады. «Бәйтерек» жобасы іске қосылуға жақын – бұл экологиялық таза зымырандар мен өз ұшыруларымыздың болашағы.
Байқоңыр арқылы Қазақстан ғарыштық держава ретінде танылады. Бұл күн – өткенді еске алып, болашаққа спутниктер, туризм, жаңа технологиялар қарайтын сәт. Жыл сайын Ресеймен бірлескен ұшырулар жоспарланып, Қазақстанның жасанды жер серіктері орбитаға шығарылады. Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ғарыштық дипломатияның үлгісі.
Ғарыштың ғылым мен өндіріске үлесі
Космонавтика тарихында Кеңес дәуірінен Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі көпір болған қазақ ғарышкерлерінің жолы ерекше.
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда «Союз ТМ-13» кемесімен ұшқан. 45 жастағы ғарышкер Кеңес Одағының соңғы ұшырымын өткізді. 7 күн 22 сағат 13 минутта ол «Мир» станциясында 39 ғылыми сараптамалық сынақ биотехнология, металлургия, медицина, Арал теңізінің тұзды шаңының таралуы, атмосфераны зерттеуге бағытталған міндетті мүлтіксіз орындайды.
Ұшу алдындағы қазақ тілінде: «Президент мырза! Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров қазақ халқының атынан ғарышқа ұшуға дайын!» деп баяндауы ұлттық мақтаныштың символына екендігін ұқтырып, қазақстандықтардың жүрегін толқысынысты әсерге бөледі.
Тоқтардан соң ғарыш көгіне Талғат Мұсабаев көтерілді. Ғарыш тарихында көкте бірнеше рет болып, ең ұзақ ұшу сапарын өткізген ол әлемдік тұлға. 1994 жылы «Союз ТМ-19» – 126 күн, 1998 жылы «Союз ТМ-27» – 208 күн болса, 2001 жылы «Союз ТМ-32» – мен 8 күн зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жалпы уақыты – 341 күннен астам. Гиннестің рекордтар кітабына ашық ғарышқа бір айда 5 рет шыққаны, жалпы 43 сағат 46 минут ұшқаны, «Мир» станциясын апаттан кейін қалпына келтіруге қатысты ерлігі енген.
Үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов – Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері. 2015 жылы 2 қыркүйекте «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшып, 10 күнде бесінші ұлттық ғылыми бағдарламаны орындаған. Ол ғарыштан Қазақстанға қоңырау шалып, елге шабыт сыйлады.
Қазақ ғарышкерлерінің ерекшелігі – Қазақстанның ғарышқа қосқан үлесін дәлелдеді. Кеңес дәуірінде даярланғанымен, тәуелсіздік жылдарында олардың жетістіктері ұлттық бағдарламаның негізін қалады.
12 сәуір – жас ұрпақты STEM ғылым, технология, инженерия, математика салаларына тартатын, армандауға және инновацияға ынталандыратын күн. «e-history.kz», «gov.kz», халықаралық ғарыштық деректер ғарыштық зерттеулердің маңызы климаттың өзгеруін бақылау, астероидтарды зерттеу, Марсқа ұшу жоспарларын еске салады. Жердің климаты, атмосферасы, геологиясы туралы түсінік беретіні, спутниктер ауа райын болжап, ормандарды бақылап, табиғи апаттарды ескертеді.
Технологиялық прогресі де маңызды. Ғарыш бағдарламалары күнделікті өмірімізге енген GPS, спутниктік байланыс, медициналық құрылғылар, жеңіл материалдар, су тазарту технологиялары сынды жаңалықтар әкелді. NASAмәліметінше, ғарыштық зерттеулер жердегі өмірді жақсартуға бағытталған. Болашақта астероидтардан сирек металдарды, Айдан немесе Марстан ресурстарды алу мүмкіндігі қарастырылуда.
Қазақстан үшін ғарышты игеру – тек жаһандық үрдіс емес, тарихи мұра. Бүгінде «Бәйтерек» жобасы, спутниктер «KazSat», туризм бағдарламалары – Қазақстанның ғарыштық әлеуетін дамытуға ұмтылысының жалғасы. Бұл – ғылыми даму, экономика және ұлттық сана үшін маңызды.
Қазақ ғарышкерлерінің жолы Қазақстанның ғарыштық дамуының үш кезеңін көрсетеді: кеңестік мұра, тәуелсіздіктің алғашқы қадамы және қазіргі цифрлық-ғылыми интеграция. Байқоңырдың болашағы – «Бәйтерек» жобасы арқылы Қазақстанның өз зымырандарын ұшыруына мүмкіндік береді. Бұл – экономикалық тәуелсіздіктің, ғылыми автономияның және жаһандық беделдің кілті.
Nur.kz, Egemen.kz және Inform.kz мақалалары мен ҚР Үкіметі мен Қазғарыш комитетінің ресми хабарламалары мынандай мәліметтерді жеткізген.
Байқоңырдың болашақ жобалары: ғарыштық жаңғырту мен туризмнің жаңа кезеңіне бастайды. Қазіргі уақытта айлақтың болашағы екі негізгі бағытта дамып келеді: «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенінің іске қосылуы және ғарыш туризмін дамыту. .Бұл жобалар Қазақстанға өз бетінше ұшыру мүмкіндігін, экологиялық қауіпсіздікті және экономикалық пайданы арттырады.
«Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен негізгі жоба. Ол Байқоңырдағы №45 ұшыру алаңы негізінде құрылған және «Союз-5» зымыран тасығышын ұшыруға арналған. Бұл – экологиялық таза, орташа және ауыр класс зымырандары үшін жаңа кешен.
Қазақстанға ғарышқа өз зымырандарын ұшыруға мүмкіндік беру, коммерциялық ұшыруларды дамыту және «Зенит» кешенінің инфрақұрылымын жаңартуды мақсат тұтып отыр.
Құрылыс және жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жоба 2004 жылдан бері талқыланып келеді, соңғы жылдары Президент Тоқаевтың Ресейге сапары кезінде жаңа хаттамаға қол қойылды.
Болашақта «Бәйтерек» арқылы бірнеше ұшыру жоспарланған. Бұл Қазақстанның ғарыштық тәуелсіздігін күшейтеді және халықаралық серіктестерді тартуға мүмкіндік береді.
Ғарыш туризмі, коммерциялық ұшырулар – жаңа экономикалық мүмкіндіктер. 2026 жыл «Байқоңырға сапарлау жылы» деп жарияланды. Бұл – ғарыш айлағын туристік орталыққа айналдырудың жаңа кезеңі.
Төретам ауылынан ашылған ресми визит-орталық толық өкілеттілікке ие және туристерге ақпарат, турлар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Елімізде 2029 жылға дейінгі туризмдік тұжырымдама бекітілген. Алғашқы ғарышкердің ұшу алаңы, музейлер сынды тарихи-танымдық және өндірістік туризмді дамыту жоспарланған. Жаңа музей Гагариннің стартында ашылмақ.
Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен туристік маршруттары ұсынылуда. Байқоңыр қаласы мен айлақтың инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр.
Жыл ішінде Қазақстанның жаңа жасанды жер серігі ұшырылмақ.
Байқоңыр 2026 жылғы бағдарламаны «Протон-М» зымыранымен бастады. Ресей өзінің болашақ орбиталық станциясы үшін Байқоңырды пайдалануды жоспарлауда.
Бүгінде экологиялық қауіпсіз зымырандарға ауысу, ұшыру алаңдарын жөндеу жұмыстары қолға алынуда.
Қазақстан Қазғарыш ғарыш технологияларын коммерцияландыру және жеке серіктестерді тарту бағытында жұмыс істеп жатыр.
Байқоңыр – тек техникалық нысан емес, адамзаттың ғарышқа деген ұмтылысының символы. Ол Қазақстан үшін ұлттық мақтаныш және ғылыми мұра. Байқоңырдың болашақ жобалары Қазақстанға ғарыштық державалар қатарындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» – техникалық тәуелсіздіктің кілті, ал туризм – экономикалық әртүрлілендірудің құралы.
2026–2030 жылдар аралығында Байқоңырдың рөлі артады. Оған ұшырулар саны өсуі, туристер көбеюі, Ресей, Қытай және басқа да елдермен халықаралық ынтымақтастық күшейтілуі себеп. «Бұл – ұлттық мақтанышты сақтай отырып, болашақ ұрпақ үшін ғарышты «жақындату» мүмкіндігі екенін айтады» ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Гагариннің ұшуы дәл осы далада басталуы – кездейсоқтық емес. Қазақстанның кең байтақ жері, табиғи ресурстары және стратегиялық орны ғарыштық инфрақұрылымға тиімді. Байқоңыр ғарыш айлағы 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілгенімен, ол Қазақстанның ғарыштық әлеуетін дамытудың негізі болып қала береді.
12 сәуір – тек өткенді еске алу емес, болашақты ойлау күні. Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетовтер жолы – Қазақстанды ғарыштық державаға айналдырудың негізі. Байқоңырдан басталған сапар жалғасуда. Оның көтерер жүгі – салмақты, мақсаты –айқын.
Дайындаған Алтын МЕЙІРХАНОВА












