Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арманым орындалатынына сенемін

Арманым орындалатынына сенемін

Аспан әлемін зерттеу ежелден келе жатқан адамдардың арманы. Алғаш рет 1961 жылдың 12 сәуірінде Ю.А.Гагарин атамыз аспанға ұшқан. Бұған дейін жердің жасанды серіктері мен Лайка есімді ит ұшырылған. Біз жерде тіршілік етеміз. Аспан әлемін зерттеуде сіңірген еңбегі үшін Ю.А.Гагарин атамыз бірнеше рет Совет Одағының батыры атағын алған. Сондай тамаша батыр аталарымыз бен әжелеріміз біздің өлкенің қасында орналасқан Байқоңыр космодромынан ұшқан.
Менің әжем мектепте физика және астрономия пәнінен 40 жыл сабақ берген. Қазір зейнеткер, ауылда атам екеуі тұрады. Жазда ауылға барғанда кешке далаға сәкіге жатып ұйықтар алдында маған аспан әлемі мен жұлдыздар туралы көптеген әңгіме айтып береді. Ғарышкерлер мен аспан әлемі туралы көп кітаптарын маған берді.
Үйімде жиырма ойыншық ұшағым бар. Оның он бесі әскери ұшақ, қалғаны жолаушылар таситын ұшақтар. Сонымен бірге, ойыншық төрт зымыраным бар. Ұшақты неше адам басқарады, қанша моторы, қанша дөңгелегі, қандай биіктікке ұшады, бәрін білемін. Ағаштан, сымнан, қатты қағаздан ұшақтың макетін жасағанды қатты жақсы көремін. Келесі жылдан бастап күреске барамын. Биыл үйде жаттығулар жасап, биіктен секіріп, жүгіріп жүрмін. Менің ойымша, ғарышкер болу үшін сабақты жақсы оқып, спортпен айналысып, жаман әдеттерден аулақ болу керек. Өскенде арманым Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров аталарымыз сияқты әскери ұшақпен ғарышқа ұшқым келеді. Арманым орындалатынына сенемін.
Нұрхакім ЖАҢБЫРБАЙ,
С.Сейфуллин атындағы №165 орта мектептің бірінші сынып оқушысы
16 сәуір 2018 ж. 2 292 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031