Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихқа айналған тарландар

Тарихқа айналған тарландар

1961 жылы 12 сәуірде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Осы бір тарихи сәтке биыл 61 жыл толып отыр. Ғарыш кемесімен алғаш рет әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер – аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин еді.
Тарихқа айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Оның ерлігі ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашты.
Осы сәттен бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке – ғарышкерлер күні болып белгіленді.
Ал қазақтан тұңғыш ғарышқа ұшқан отандасымыз, ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров. Ол әуе кеңістігіндегі саяхатына 1991 жылы 2 қазан күні «СоюзТМ-13» кемесімен ұшты. Ғарыштағы сапары 7 күн 22 сағат 12 минут болды. Өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болуы, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының кеңістіктегі суреттері алынды. Осылайша, қазақтан шыққан тұңғыш зерттеуші әрі ғарышкер ретінде бүкіл әлемге танылды.
Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаевқа ғарышқа үш рет ұшу бақыты бұйырды. Ол 1994 жылы «Союз ТМ-19» кемесімен ғарышта 126 күн болды. Ал екінші рет «Союз ТМ-27» кемесімен ұшқанда ғарышта 208 күн болып, ерекше ерлік көрсетті. Қазақ ғарышкері корабль бортынан ашық ғарыш кеңістігіне бес рет шығып, 30 сағат 8 минут аспан аясында қалықтады. Осындай көрсеткішімен Гиннестің рекордтар кітабына енгізген Т.Мұсабаев 2001 жылы тағы бір мәрте ғарышқа ұшты. Бұл жолы «Союз ТМ-32» кемесімен 8 күн ғарышта болды. Талғат Амангелдіұлы жалпы ғарышта 341 күн 9 сағат 48 минут болды.
Келесі кезекте 2015 жылы 2 қыркүйекте үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов ғарыш көгіне көтерілді. Ол Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз ТМА-16М» кемесімен ұшқан болатын. Айдын Айымбетов ғарышта оншақты ғылыми эксперимент жүргізді. Сонымен қатар, ол Жер бетінің мониторингі және экологиялық апаттарды зерттеу бойынша да эксперименттерді жүзеге асырды.
Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, оның 9-ына ғана ғарыш кеңістігін көру бақыты бұйырған. Солардың қатарында біздің де еліміз бар екенін мақтанышпен айта аламыз.

Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА
12 сәуір 2022 ж. 434 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 120

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 107

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 88

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031