Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӘРТІП ДРОН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНУДА

ТӘРТІП ДРОН АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНУДА

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында санитарлық тазалықты сақтау жұмыстары жаңа деңгейге көтерілді.
Бүгінде аудан орталығы мен барлық елді мекендерде күл-қоқысты тазарту, қоршаған ортаны абаттандыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Технология тазалық қызметінде

Өкінішке қарай «жұлатын емес, егетін, ластайтын емес, тазалайтын» қоғам қалыптастыру жолында әлі де кедергілер бар. Кейбір тұрғынның немқұрайлылығы салдарынан тазартылған аумақтардың қайта ластануы, тұрмыстық қалдықтар мен кәріз суларының белгіленбеген орындарға, тіпті бейіттер маңына төгілуі жиілеп кетті.
Осы мәселені түбегейлі шешу үшін аудан көлемінде заманауи технологиялардың көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды. Ол үшін әуеден бақылау қолға алынып, құқық бұзушыларды анықтау мақсатында арнайы дрондар қолданысқа енгізілді.
Рейдтік шаралар күшейтіліп, тиісті мекемелер мен жұмысшы топтары тұрақты бақылау жүргізіп, заң бұзушылықтарды дереу тіркеуде.
Әкімшілік жауапкершілікке басымдық берілуде. Тәртіпке бағынбаған азаматтарға заң аясында айыппұлдар салынып, қатаң шаралар көрілуде.

Абаттандырудың жаңа келбеті

Қазіргі таңда Әйтеке би кентінің аумағында абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Кенттің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бірқатар шаруа қолға алынды.
Атап айтқанда, инфрақұрылымға орай жаяу жүргіншілер жолдары (тротуарлар) жөнделіп, қалпына келтірілуде. Эстетикалық тұрғыда да біршама жұмыс іске асырылды. Қоғамдық орындардағы орындықтар сырланып, демалыс аймақтары жаңартылуда. Мәдени мұра бойынша кенттің тарихи нысандары мен әрбір бұрышы ерекше назарға алынып, көгалдандыру шаралары жүйелі атқарылуда.
Қоғамдық орындарды жарықтандыру да тасада қалмады. Көшелер мен саябақтардың жарық шамдарын ретке келтіру арқылы қауіпсіздік пен қоршаған орта тартымдылығы қатар сақталуда.

Тұрғындарға үндеу

«Тазалық – тазаланған жерде емес, сақталған жерде» деген бар. , «Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары. Туған жердің көркейіп, шырайлы болуы – әрқайсымыздың қолымызда. Қоршаған ортаға бейжай қарамай, белгіленген талаптарды сақтау – азаматтық парызымыз. Тазалықты өз босағамыздан бастайық», – дейді мамандар.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
11 сәуір 2026 ж. 34 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 33

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 36

Өлеңмен өрілген өмір

11 сәуір 2026 ж. 32

Ерлерін елі еске алды

11 сәуір 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930