Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қазалы ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес түнгі рейдтік шаралар тұрақты ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау басты назарға алынып келеді.
Кезекті рейдтік жұмыстарды Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Әлиев жетекшілік ететін топ жүргізді. Рейд барысында арнайы топ мүшелері кешкі уақыттан бастап Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдарын, саябақтарды, ойын-сауық орталықтарын, компьютер клубтарын, сондай-ақ тамақтану орындарын аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауға алды.
Шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың ата-аналарына тиісті ескертулер берілді. Сонымен қатар, түнгі уақытта қараусыз жүрген оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда болды.
Рейдтік топ құрамында құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру саласының қызметкерлері және тиісті бөлім мамандары қамтылды.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
11 сәуір 2026 ж. 35 0

Кене кіші деме...

11 сәуір 2026 ж. 33

СӘУЛЕТ ПЕН САПА

11 сәуір 2026 ж. 36

Өлеңмен өрілген өмір

11 сәуір 2026 ж. 32

Ерлерін елі еске алды

11 сәуір 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930