СЫРДАРИЯЛЫҚ КӨКПАРШЫЛАР ДАУЫС БЕРДІ
Сырдария ауданында өтіп жатқан маңызды саяси науқан барысында ауданның көкпаршылары сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Ұлттық спорттың абыройын асқақтатып жүрген көкпаршылар ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық маңызы зор шараға ұйымшылдықпен қатысып отыр.Көкпар – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойыны, ерлік пен батылдықтың, бірлік пен қайсарлықтың символы. Осы ұлттық спорттың майталмандары бүгін де бірлік танытып, ел тағдырына қатысты маңызды сәтте өз азаматтық борыштарын орындады. Олар спорт алаңында ғана емес, қоғам өмірінде де белсенділік танытып, үлгі боларлық іс көрсетті.
Сайлау учаскесіне бірге келген көкпаршылар елдің тұрақтылығы мен болашағы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті. Олардың бірлесе келіп дауыс беруі – қоғамдағы ынтымақ пен ұйымшылдықтың айқын көрінісі.
Жалпы, Сырдария ауданында көкпаршылардың белсенділігі тұрғындардың ел болашағына бейжай қарамайтындығын көрсетеді. Ұлттық рухты дәріптеп жүрген азаматтар бұл жолы да ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.













