Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихтан жеткен тағылым

Тарихтан жеткен тағылым

Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылының түстік бетіндегі ауыл іргесіне таяу, Шығыстан Батысқа қарай созылып, ұзындығы бес-алты шақырым «Шәкібай арығы» деген су жолы бар. Бір қарағанда, қарапайым ғана арна секілді көрінетін бұл арықтың астарында тұтас бір дәуірдің табы, ел еңбегінің ізі, ұмыт бола бастаған есімнің жаңғырығы жатыр.
Мәлім де, беймәлім Шәкібай
Кезінде ауыл халқы осы арықтың суымен егін егіп, тіршілігін түзеген. Көктемгі су жіберілген шақта арна бойы абыр-сабыр тірлікке толып, жаз бойы айналасы жасыл алқаппен жайқалады екен. Бүгінде су тартылып, шөп қаптап, тозығы жеткенімен, оның аты халық жадынан өшкен жоқ. Атауы да ерекше. Ел ішінде «Шәкібай ауылы», «Шәкібайлықтар» деп аталған арықты халық тек жер атауы ретінде емес, бір тұлғаның, бір дәуірдің ұмытылмас бейнесі ретінде есте сақтаған.
Алғаш естіген адамды «Шәкібай кім? Неліктен арыққа осы есім берілген?» деген сұрақ мазалары анық. Оның жауабы ұзақ жылдар бойы ауылдастарға да жұмбақ күйінде келген. Тарихты білу – ескі заманды аңсау емес, өткен мен бүгіннің сабақтастығын түсіну.
Осы атау туралы ізденіс жұмыстарын Бозкөл ауылының тұрғыны Жеңіс Өтепбергенов осыдан бірнеше жыл бұрын бастапты. Ұлағатты ұстазтың жас ұрпақтың туған жерін жақын танысын деген ниеті мақсатқа айналып, ауыл ақсақалдары мен ересектердің әңгімелеріне сүйене отырып, шындыққа жетуге ұмтылады. Арық туралы бозкөлдік ардагер Мінажат Қаниев мынандай дерек айтады.
«Мен тарихты жалған айта алмаймын. Сол кісі туралы ештеңе білмеймін. Тек он жасымда шешем марқұм Шәкібай арық жағасында бақша егіп жүргенімізде: «Балам, Шәкібай арықтан су алып кел», – деп жұмсағаны есімде. Менің білетінім осы ғана», – дейді. Қадірменді қария айтып отырған оқиға 1956 жылдары екендігі белгілі болады. Бұл сәуле Жеңістің ізденісін одан үдетіп, бастаған жұмысты аяқтау мақсатында, арық туралы зерттеулерді жалғастыра түседі.
Арада бір-екі жыл өткенде, Талғат Досжанов есімді осы елді мекен тұрғынынан Шәкібай атаның бір қызы өзінің жақын аталас, немере ағайындарына тұрмысқа шыққанын естиді.
Тарихи ізденіс нәтижелі жолға қойылып, Шәкібай ұрпақтарымен байланыс орнатылған соң, арық басына ескерткіш белгі қою туралы шешім қабылданады. Бұл іс Изат Жәленов сияқты шебердің қолымен жүзеге асырылып, тарихи орын қайта түлеп, ұрпақ жадында жаңғырады.
Белгілі болғаны – Шәкібай атаның өмір жолы да ел тарихына тән өнеге.
Шәкібай Тілеудұрысұлы 1890 жылы Бірлік ауылында дүниеге келген. Мамандығы – мұрап. Қазіргі телмен айтсақ, егістікке су таратуды, арық-тоғандардың жөнделуін қадағалайтын су шаруашылығының басқарушысы.
Жұбайы Өтебике Әбілдаева 1903-1982 жылдары өмір сүрген Бозкөл ауылыныңң тумасы. Шәкібайдан алты бала үш ұл, үш қыз тараған. Үлкен ұлы Серікбай 1928 жылы дүниеге келген. Қазіргі Ержан деген ұрпағы бар. Қалған екі ұлы жастай шетінеп кеткен. Қыздарының үлкені – Сұлубике 1943-2022 жылдары өмір сүрсе, 1948 жылы дүниеге келген екінші қызы Ырысты 2011 жылы қайтыс болған. Үшінші перзенті Рыскүл.
Арыққа неге аты берілген?
Арықтың қазылуы 1935–1936 жылдары басталып, ел игілігі үшін қолға алынған бұл еңбек соғыс жылдары ауыр сынаққа кезіккен. Ер-азаматтар майданға кеткенде, ауылдағы әйелдер мен қарттар арықты аяқтауға бел буды. Шәкібай денсаулығына байланысты майданға аттанып кете алмағанымен, мұрап ретінде арық жұмыстарының толық орындалуына басшылық етті. 1945 жылға дейін қызметін атқарып, ел игілігі үшін тынбай тер төгеді.
Мұраптың еселі еңбегіңн ескерген жұртшылық арықты «Шәкібай арығы» деп атаған.
Кейін Майлыбас ауылына қоныс аударып, өмірінің соңына дейін қой баққан. 1955 жылы дүниеден өткен. Жұбайы Бозкөлге оралып, №96 орта мектепте 1962-1965 жылдары техникалық қзыметкер болып жұмыс істейді. Кейін тұрмыстық жағдайға байланысты Қазалыға қоныс аударып, 1982 жылы өмірден өткен.
«Ізденген жетер – мұратқа» деген осы. Талмай, тынбай тер төгу арқылы Ж.Өтепбергеновтің арқасында «Шәкібай арығының» тарихы осылай халыққа кеңнен мәлім болды. Дәйек Рыскүл Шәкібайқызының айтуымен нақтыланған.
«Шәкібай арығы» – тек су арнасы емес, соғыс жылдарындағы «жарамсызбыз» деп жұмыстан жалтармаған жандар мен ауыл әйелдерінің қажырлы еңбегінің, елдің бірлігінің және бір дәуірдің тіршілігінің көрінісі. Арық бойындағы әрбір тамшы су – халық еңбегінің куәсі, әрбір қарыс топырақ – тарихтың айғағы. «Тарихты білмей, өткенді, қазіргіні білу, болашақты болжау қиын» деген әл-Фараби сөзінің мағынасы осы жерде айқын көрінеді.
Қазіргі таңда мұндай ұмытылып бара жатқан тарихи жер-су атаулары көп. Өкінішке қарай, оларды білетін көнекөз қариялар азайып, топонимикалық атаулар ұрпаққа толық жетпей қалуда. Сондықтан әрбір туған жерге тән тың деректерді зерттеу, зерделеу, жазып қалдыру — тек өткенді сақтау емес, келер ұрпаққа рухани сабақ.
Мақаланы жаза отырып, осы тақырып туралы тағы да қосымша мәлімет білетін, естеліктерді жадына сақтаған жандар болса, ортақ тарихымызды толықтыру үшін хабарласуларын сұраймыз. Әрбір жаңа мәлімет – келер ұрпаққа айбоз аманат.

Айнұр ӘЛІМБАЕВА
03 наурыз 2026 ж. 23 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 24

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 22

Әсем әндер әуеледі

03 наурыз 2026 ж. 23

Өнермен өрілген ғұмыр

03 наурыз 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031