Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда есірткі қабылдайтындар жаңа талдау арқылы анықталмақ

Қазақстанда есірткі қабылдайтындар жаңа талдау арқылы анықталмақ

Қазақстанда есірткі қабылдайтындар жаңа талдау арқылы анықталмақ
Сурет нейрожелі көмегімен жасалған
Қазақстанда есірткі тұтынушыларды ағын суларды талдау арқылы анықтау ұсынылып отыр. Астана мәслихатының депутаты Алтыншаш Табулдинаның айтуынша, заманауи технологиялар есірткі қолдану ошақтарын нақты үйлер мен оқу орындарына дейін дәл анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Табулдина бұл әдістің кәріз суларынан есірткі заттарының тіпті аз мөлшердегі іздерін тауып, сол арқылы оны тұтынушылардың нақты қай жерде екенін анықтауға мүмкіндік беретінін айтты.
"Кәріз құбырларынан сынама алып, нақты қай жерде - белгілі бір үйде, университетте немесе мекемеде мұндай фактілердің бар-жоғын анықтауға болады. Бұл - жұмыс істеуге болатын нақты нысаналы топтар", - деді ол.
Депутат ағын суларды есірткі ізіне талдаудың заманауи әдістері қазірдің өзінде кейбір ұйымдарда қолданылып жатқанын атап өтті.
ӨЗІНӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН
"Біз бір ұйымда болып, тіпті аз мөлшердегі дозалардың кәріз құбырлары арқылы анықталатынын көрдік. Қай жерде - үйде, мекемеде, университетте немесе колледжде есірткі тұтынылатынын түсінуге болады", - деп қайталады Алтыншаш Табулдина.
Депутат жасөспірімдер мен жастардың есірткіге тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде деп санайды. Оның айтуынша, дәрістер, ақпараттық науқандар мен бейнематериалдар түріндегі профилактикалық жұмыстар күткен нәтиже бермей отыр.
17 сәуір 2026 ж. 105 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930