Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінгі ауа райы: Ел бойынша дауыл, жаңбыр және жел күшейеді

Бүгінгі ауа райы: Ел бойынша дауыл, жаңбыр және жел күшейеді

Елдің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Синоптиктер 2026 жылғы 17 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 
"Қазгидромет" РМК метеорологтарының мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Елдің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі.
Сонымен қатар, солтүстік-шығыс, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде көктайғақ, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
"Түркістан облысының тау асуларында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы өңірлерінде, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары күшеюі мүмкін", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мамандардың мәліметінше, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталығында және Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

17 сәуір 2026 ж. 106 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930