Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бабалар аманатына адалдық

Бабалар аманатына адалдық

Мұнан 164 жыл бұрын батыр әрі әулие Жанқожа Нұрмұхамедұлының басшылығымен Ресей патшасының озбыр саясатына қарсы шыққан халық көтерілісінің шешуші шайқасы Арықбалықта өткені көзі қарақтыларға жақсы мәлім. Тарих парағына «Арықбалық шайқасы» атауымен енген сол қанды-қасап арада қаншама жылдар өтсе де ел жадынан өшкен жоқ. Ұрпақтан-ұрпаққа аңыздай тарап, аманат түрінде айтылып келеді. Әрі солай бола да бермекші.
Арықбалық ауылдық округінде өткен тағылымды шара бабалар аманатына деген ұрпақ адалдығын тағы да дәлелдеді. Жанқожа баба бастаған сол көтерілісші батырлардың ұрпақтары бұл күні аталар ерлігіне тағзым жасады.
«Арықбалық шайқасы» құрбандарын еске алу шарасына қатысушылар алдымен ауыл орталығындағы монументке гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар алдында ауылдық округ әкімі Мәулен Қайруллаев бабаларымыздың ерлігіне тоқталса, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қоспан Моряк, ауыл тұрғыны Мұратбек Балкеев өскелең буынға тигізер шараның маңыздылығы, терең тәрбиелік мәні жайлы әңгімеледі.
Мұнан соң ауылдағы «Сарқұл қожа» мешітінде Арықбалық шайқасында құрбан болған бабалардың рухына құран бағышталды.
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген осы да.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,
Жанқожа батыр ауылы

20 қаңтар 2021 ж. 896 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031