Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады

Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Суықтың беті қайтады
Метеорологтардың мәліметінше, скандинавиялық антициклон сілемі Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашынсыз, қалыпты суық ауа райын сақтап тұрады, алайда ауа массаларының алмасуына байланысты температура біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.

"Елдің батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болып, жел күшейеді деп болжанып отыр. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ауа температурасы
Күндіз термометр бағандары Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында 15-23 градус жылыға дейін, шығысында 10-18 градус жылыға дейін, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 17-28 градус жылыға дейін көтеріледі.
Синоптиктер Қазақстандағы 2026 жылдың мамырына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы, ал жауын-шашын мөлшері әртүрлі деңгейде болады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
17 сәуір 2026 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31