Көктемгі егістік: фермерлерге қандай несиелер беріледі?
Фото: ЖИАуыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, 4,5 мың фермер көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына 612 млрд теңге жеңілдетілген несие алды. Фермерлерге егіс науқанын ерте бастау үшін бірнеше жеңілдетілген несиелер беріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«КЕҢ ДАЛА 2» ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған «Кең дала 2» бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл бағдарлама егіс жұмыстарын уақытында әрі сапалы өткізуге бағытталған. Өтінім қабылдау 2025 жылдың 1 қазанында басталды.
Биыл көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына шамамен 750 млрд теңге бөлінеді. Фермерлер үшін несие пайызы – жылына 5%. Қазірдің өзінде 4,5 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі 612 млрд теңге жеңілдетілген несие алған. Бұл қаражат 7,2 млн гектар егіс алқабын қамтиды,– делінген министрлік хабарламасында.
«ДАМУ» ҚОРЫ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ
Сонымен қатар, «Даму» қоры арқылы несиені кепілдендіру жүйесі жұмыс істеп тұр. Ол несие сомасының 85%-ына дейін кепіл береді. Осы уақытқа дейін 191 млрд теңгеге 1125 кепілдік берілген.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту да күшейген. 2,9 мың техника алу үшін 1,8 мың жеңілдетілген лизинг келісімі жасалып, оған 114 млрд теңге бөлінген. Былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 30,4 млрд теңге болған. Яғни саладағы жаңару қарқыны айтарлықтай артқан.
Қаржыландырудың ерте басталуы фермерлерге 2026 жылғы егіске алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Олар бұл ақшаға арзанырақ бағамен жанармай сатып алып, тыңайтқыш алып, техниканы жөндеп, тұқым қорын дайындай алады.
Жеңілдетілген несие егіс жұмыстарына да, егін жинауға да, жалпы маусымдық шығындарды жабуға беріледі. Қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» және банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар арқылы беріледі.














