Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту туралы мәлімет

Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту туралы мәлімет

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер туралы мәліметтер ұсынылады.
Фото: iStock
Жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл — Алматы, Шымкент қалалары, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстарында күтіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Тұман, көктайғақ, жауын-шашын (жаңбыр/қар) — ШҚО, Абай, Қарағанды, Ұлытау облыстары
Шаңды дауыл — Қызылорда облысы
Жоғары өрт қаупі — Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында.
Алматы қ.: 17 сәуірде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 17 сәуірде кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың тау асуларында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 сәуірде Алматы облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 17-22 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 сәуірде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 сәуірде Алматы облысында жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр. Облыстың таулы аудандарында жауын-шашын, найзағай, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында бұршақ, дауыл. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 сәуірде Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с.
17 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде түнде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 сәуірде Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде түнде Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде түнде және таңертең Ақтөбе облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
17 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
17 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
17 сәуірде түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
17 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
17 сәуірде түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
17 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
17 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі.
17 сәуір 2026 ж. 114 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930