Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды анықтады

Лекарственные препараты, лекарства, лекарство, аптека, аптеки, цены на лекарства, медикаменты, таблетки, цены на лекарство, стоимость лекарств, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2026 10:46Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың айналымын таңбалау жүйесін пайдалана отырып талдау жүргізді.
"Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы" аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес, бүкіл ел бойынша дәріхана ұйымдарында мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі (ТМККК) шеңберінде қамтамасыз етуге арналған 4114 препараттың сатылғаны анықталды.
74 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 31 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 12,3 млн теңгені құрады, 43 ұйымға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.
Науқастарға ТМККК аясында берілген дәрілердің заңсыз сатылу фактілері анықталды. Бірқатар жағдайларда медициналық ұйымдар арқылы берілген препараттар дәріхана желілеріне түскені белгілі болды.
Анықталған позициялар арасында инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, кейбір антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар бар.
"Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС ақпараты бойынша, таңбалау кодтарын пайдалануда жүйелі бұзушылықтар тіркелген: 35 537 қайта шығару жағдайы, әртүрлі қатысушылардың бір кодты 480 752 рет пайдалануы анықталған, сондай-ақ 1140 нысан 15 614 кодты қайтадан айналымнан шығарғаны белгілі болды.
Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілді. Қосымша тексерулер жүргізілуде, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
17 сәуір 2026 ж. 221 0

Қауіпке қарсы қамданыс

20 маусым 2026 ж. 5

XXI ғасырдағы Арал теңізі

20 маусым 2026 ж. 13

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930