Жыл сайын қанша қазақстандық ұлтын өзгертеді
Фото: shutterstockЕлде 2025 жылы 1 212 қазақстандық ұлтын өзгерткен, алайда мұндай өтініш саны жыл сайын азайып келеді.
Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2020-2022 жылдары 1,8 мың адам ұлтын өзгерткен. Ал 2023-2025 жылдары олардың саны 1,3 мың адамға азайған.
Ең көп таңдалатын ұлт
Статистикаға сәйкес, ұлтын өзгерткен қазақстандықтар көп жағдайда мына үш нұсқаны таңдайды:
- қазақ;
- орыс;
- неміс.
Алайда олардың қай ұлттан қай ұлтқа өзгерткені туралы ақпарат жоқ.
Көш бастап тұрған өңірлер
Ең көп өтініш Алматы қаласы, Қарағанды, Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарынан түседі.
Ұлтын кімдер жиі өзгертеді
ІІМ мәліметінше, ең белсенді топ – жастар. 2020-2025 жылдары жас ерекшелігі бойынша статистика:
18-30 жас – 2,5 мыңнан астам өтініш;
30-50 жас – шамамен 4 мың өтініш;
50 жастан жоғары – мыңнан аса өтініш.
Айта кетейік, жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматын, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге де себептерге байланысты кемсiтуге болмайды.











