Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа конституцияның негізгі ерекшеліктері түсіндірілді

Денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа конституцияның негізгі ерекшеліктері түсіндірілді

Бүгін аумақтық коалиция өкілдері Қазалы теміржол ауруханасында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.

Бірінші кезекте коалиция мүшелері жаңа Конституция жобасының әзірлену процесіне тоқталды. Коалиция мүшелерінің айтуынша, алты ай бойы депутаттар, қоғам өкілдері мен сарапшылар жобаның әр тармағын талқылап, мыңдаған ұсыныс пен пікірді ескерген. Нәтижесінде Конституция сараланған, адам құқықтарына бағдарланған және әртүрлі әлеуметтік топ мүддесін есепке алған құжат болып қалыптасты.

Аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш денсаулық сақтау саласы бойынша жаңа Конституцияның негізгі тұстарына тоқталды.

«Медицина қызметкерлерін қорғау 27-бапта бекітілген. Бұл оларға қауіпсіз және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес еңбек жағдайына құқық береді. Мемлекет пен жұмыс берушілер медицина қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғап, кәсіби тәуекелдерді азайтып, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге міндетті», – деді коалиция жетекшісі.

Сонымен қатар, коалиция мүшелері Халық Кеңесі институтына тоқталды. Ол халық мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болып, қоғамдық қатысу мәртебесін күшейтеді, заңнамалық бастама жасауға және ұсыныстар әзірлеуге құқылы болады.Жаңа Конституция азаматтардың дербес деректерін қорғауға да ерекше мән береді. Цифрлық технологияларды қолдану жағдайында жеке өмірге қол сұқпаушылық және құпия ақпаратқа құқықтық кепілдіктер күшейтіледі.

Кездесу соңында аумақтық коалиция мүшесі, «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Құбыл Ршымбетов реформалардың заң үстемдігін орнатудағы тиімділігіне тоқталып, маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.
16 ақпан 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728