Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданындағы құрылыс нысандарын аралады

Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов жұмыс сапарымен Қазалы ауданына келіп, аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен бірге аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады.
Бахыт Дүйсенұлы алдымен Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары мен вокзал жанындағы жаяу жүргіншілерге арналған теміржол үстінен өтетін көпір құрылысын көрді. Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде вокзал ғимаратының сыртқы жұмыстарының басым бөлігі аяқталып, ішкі жұмыстары атқарылуда.
Облыс әкімінің орынбасары ауданға жасаған жұмыс сапары барысында «Қарлан» көпірінің құрылыс жұмыстарын көріп, мердігерлермен кездесті. Бүгінде Қарлан көпірінің құрылыс жұмыстарымен мердігер мекеме «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарын салу, Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары жүргізілуде.
Сырдария өзенінің арғы бетіндегі 12 мыңға жуық халық үшін бұл көпірдің маңыздылығы жоғары екенін айтқан Бахыт Дүйсенұлы, мердігерге ең бірінші кезекте құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы керектігін ескертті.
11 желтоқсан 2025 ж. 168 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 194

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 129

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031