Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Аудан әкімі теміржол вокзалының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы теміржол вокзалына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көріп, мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Бұған дейін аудан басшысы аудандағы теміржол мекемелерінің басшыларымен кездесіп, теміржол вокзалының құрылысы мен теміржол мекемелеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылаған болатын.
Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Бүгінде эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту сынды ауқымды жұмыстар атқарылды. Ендігі жобаға сәйкес жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу сынды жұмыстар атқарылуда.
Аудан басшысы вокзал ғимаратын аралау барысында теміржол вокзалының сырт келбетіне, ондағы жолаушылар мен тұрғындарға жасалған жағдайға қарап өңір имиджі қалыптасатынын айтып, ғимараттың аумағындағы санитарлық тазалық мәселесінде басты назарда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС-нің басшысы Қайрат Ерназаровқа вокзал ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін тезірек әрі сапалы аяқтау керектігін айтып, жұмыстар ұдайы бақылауда болатынын ескертті.
Теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – бұл уақыт талабы және стратегиялық маңызды қадам. Бұл жоба көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетін болады.
Айта кетейік, бүгінде «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан қаржы бөлініп, мердігер мекеме - "ҚазТеміржол Engineering" ЖШС тарапынан вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірініңде құрылысы жүргізілуде.
08 қазан 2025 ж. 252 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 116

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 111

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 119

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031