Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Жөндеу жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Биыл сәуір айында аудан орталығындағы 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпіріде қайта салынып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентін аралау барысында вокзал ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен теміржол үстінен өтетін көпір құрылысын көрді.
Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Вокзал ғимаратына соңғы рет 2013 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ендігі кезекте эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары басталып аяқталуға жақын.
Ал, вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінгі таңда көпірдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме – "ҚазТеміржол Engineering" ЖШС.
Аудан басшысы вокзал ғимаратын аралау барысында теміржол вокзалының сырт келбетіне, ондағы жолаушылар мен тұрғындарға жасалған жағдайға қарап өңір имиджі қалыптасатынын айтып, ғимараттың аумағындағы санитарлық тазалық мәселесінде басты назарда ұстауды тапсырды.
Сонымен қатар мердігерлерге вокзал ғимаратына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары мен көпір құрылысын жыл соңына дейін тезірек әрі сапалы аяқтау керектігін айтып, жұмыстар ұдайы бақылауда болатынын ескертті.
Айта кетейік, теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – бұл уақыт талабы және стратегиялық маңызды қадам. Бұл жоба көлік қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсерін тигізетін болады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
22 шілде 2025 ж. 144 0

Әлем таныған Абай

22 шілде 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031