Аудан әкімі теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргіншілер көпірінің

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов тиісті сала басшыларымен бірге вокзал ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен теміржол үстінен өтетін көпір құрылысын көрді.
Теміржол вокзалындағы күрделі жөндеу жұмыстарын «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС жүргізуде. Эскиздік жобаға сәйкес, ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын нығайту, шатырын ауыстыру, есік-терезелерді жаңарту, жолаушыларға арналған күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздік жүйелерін орнату, сондай-ақ вокзал аумағын көгалдандыру және брусчатка төсеу секілді ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. Бүгінде вокзал ғимаратының сыртқы жұмыстарының біршамасы аяталып, ішкі жұмыстары атқарылуда.
Ал, вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысына «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан қаржы бөлініп, бүгінгі таңда көпірдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме - "ҚазТеміржол Engineering" ЖШС.
Аудан басшысы вокзал ғимаратын аралау барысында мердігерлерге вокзал ғимаратына жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары мен көпір құрылысын жыл соңына дейін тезірек әрі сапалы аяқтау керектігін айтып, бұл жұмыстар ұдайы бақылауда болатынын ескертті. Сонымен қатар ғимараттың аумағындағы санитарлық тазалық мәселесінде басты назарда ұстауды тапсырды.
Айта кетейік, 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына соңғы рет 2013 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Теміржол ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың тарихи келбеті сақталатын болады.