Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жыл – жаңа өмір

Жаңа жыл – жаңа өмір

Әр жаңа жылды үкілі үмітпен күтетініміз айқын. Жаңа жыл қарсаңында бір-бірімізге деген ақ тілектер де арнасынан асып жатады. Сондай мерекелік жарқын сәтте жүректен шығатын жылы сөзіміздің басым бөлігі сәбилердің қызығын көруге, балалардың амандығына арналатыны анық. Осы орайда, біз биылғы жаңа жыл мерекесі күндері дүние есігін ашқан сәбилер туралы сұрауымызға Қазалы ауданы Денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланы қорғау бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Айымкүл Ещанова жауап берген болатын.
Оның айтуынша, 2018 жылдың 1-2 қаңтарында облыс бойынша 62 нəресте өмірге келді. 31 ұл, 31 қыз бала. Ең бастысы, жаңа жыл жаңалығы егіздермен басталды.
«Қазалы ауданына келсек, бізде егіздер тіркелген жоқ. Бірақ перзетханада 1 қаңтарға қараған түні 2 ұл бала, ал айдың 2 жұлдызында 3 қыз бала туылды. Қазір барлық баланың денсаулығы жақсы. Толықтай дәрігерлердің бақылауында», – дейді А.Ещанова.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
03 қаңтар 2018 ж. 2 736 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930