Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Емдеу мекемелерінің 80 пайызы замануи құрылғылармен жабдықталды

Емдеу мекемелерінің 80 пайызы замануи құрылғылармен жабдықталды

Қызылорда облысындағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу көрсеткіші 80 пайызға жетті, деп хабарлады 24 кз.
Кешенді медициналық ақпараттық жүйе аясында аймақ дәрігерлерінің 85 пайызы компьютермен қамтылып, медұйымдардың 90 пайызы ғаламторға қосылды.
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай өңірдің ақ халаттылары қағазсыз құжат айналымына көшіп, сырбойылықтардың электронды денсаулық паспорты даярланды.
Сыр дәрігерлері ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша патронаждық медбике қызмет жүйесін сәтті енгізді. Жалпы баланың танымы үш жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан бүлдіршін ата-анасының ерекше қамқорлығында болуы шарт. Бірақ қоғамда сәби күтіміне бейжай қарайтын отбасылар жетерлік. Сол себепті патронаждық медбике Майра Ербосынова оған тиесілі аумақта туған нәресте денсаулығы, керекті дәрі-дәрмек пен дұрыс тамақтануын үздіксіз бақылап отырады. Медициналық көмектен өзге баланың үйдегі қауіпсіздігіне де аса мән береді.
Мысалы, пештің жақын орналаспауы, ораусыз электр сымдарының болмауы, аулада құдық-шұңқырдың ашық қалмауы секілді жағдаяттардың барлығы ескеріледі.
Майра Ербосынова, патронаждық медбике:
– Аймағымда 341 аула бар, соның ішінде 257 5 жасқа дейінгі бала бар. Осы 257 баланың ішінде жалпы өте қызыл топқа кіретін 6 отбасы бар. Сол 6 отбасыға аптасына 2 мәрте барамын. Ал сары топта 17-дей бала бар. Оларға аптасына 1-рет барамын. Ал жасыл топтағы дені сау балаларға, жақсы дамып жатқан балаларға жоспарлы түрде кесте бойынша барамыз.
2017 жылдың «Денсаулық сақтау саласындағы ең үздік IT шешімі» халықаралық байқауында жеңімпаз атанған «ДамуМед» мобильдік қосымшасы да өңірде қолданысқа енгізілді.
Әсел Қыдырәлиева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:
– Бұл жүйенің осы облыстағы 22 медициналық басқа бағдарламадан артықшылығы 8 медициналық бағдарлама біріктіріліп, бүгінгі таңда ақпарат алмасу өте жеңіл дәрежеде өтетін жағдайға жеткізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бұл жүйе облыста толық іске қосылатын болады.
Аймақтың медициналық нысандарын қажетті құрылғылармен жабдықтау көрсеткіші де біршама өсті. Өткен жылы лизинг арқылы 500 миллион теңгеге емдік құралдар алынса, жаңа жыл қарсаңында емдеу мекемелеріне тағы 29 санитарлық көлік берілді. Оның 3-і – шалғай ауылдарға қатынайтын жылжымалы флюрокар. Алғашқы көмекке қажетті құралдармен жабдықталған көліктер аудандық аурухана, емханаларда қызмет көрсететін болады.
Сыр дәрігерлері жалпы жылды оң көрсеткіштермен аяқтап отыр. Облыстық медициналық орталықтың инсульт бөлімі республика бойынша үздік атанды.
Рүстем Баешов, облыстық медициналық орталықтың бөлім меңгерушісі:
– Біздік жетістік өлім-жітім азаю, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, инсульт орталығы облыс бойынша 7 ауданда инсультпен түскен ауруларды санавиация арқылы тасымалдау жасап отырмыз. Телемедицина арқылы жұмыс жасап отырмыз.
Өңірде 11 ауылда медициналық бекет ашылды. Сондай-ақ облыс орталығында ауысымына 400 адамды қабылдайтын емхана пайдалануға берілді. Жобалардың барлығы мемлекет пен жеке меншік әріптестік аясында салынды.
Ақмарал Әлназарова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Қызылорда облысының инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жасалған. Осы бағдарлама аясында алдағы 3 жыл ішінде облыс бойынша 78 нысан салынады деген жоспар бар. Соның 16-сы келесі жылы әріптестік аясында салынады. Келесі жылы мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында бізде 6 млрд теңге жуық қаражатқа 4 компьютерлік томограф, 3 ангеограф, 1 МРТ аппараты, сонымен қатар реанимацияға арналған, нәрестелер бөліміне арналған құрал-жабдықтардың барлығын алу жоспарлануда.
Қазіргі таңда Арал, Шиелі және Қазалы аудандық ауруханаларының құрылысы жүріп жатыр. Жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін емдеу мекемесі жуырда Жалағаш ауданында да бой көтеретін болады. Сол кезде апатты жағдайдағы ауруханалар мәселесі түбегейлі жойылмақ.
03 қаңтар 2018 ж. 1 601 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930