Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?

Қазақстанның қай өңірінде үйленетіндер көп?

Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев
Елімізде некелесу саны бойынша көш бастап тұрған өңір белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Статистикаға сәйкес, некелесу саны бойынша бірінші орында - оңтүстік астана: 2024 жылы Алматыда 19 778 неке тіркелген.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласындағы филиалының мәліметінше, қаладағы аудандық АХАТ бөлімдерінде күн сайын шамамен 160 неке тіркеледі. Неке қиюға өтініш беретін жұптардың орташа жасы ер адамдар үшін 27, әйелдер үшін 25 жас. Сонымен қатар мекеме өкілдерінің айтуынша, қалада ажырасулар саны да жоғары деңгейде. Жыл басынан бері 4429 жұп некесін бұзған.
"Көбінесе ажырасуға өтінішті жастар береді. Біз некені сақтап қалуға тырысамыз, ойланып, шешім қабылдау үшін бір ай уақыт береміз. Өтініш берген 10 жұптың 3-4-еуі отбасын сақтап, ажырасудан бас тартады. Біз мұны жұмысымыздың нәтижесі деп есептейміз", - дейді АХАТ қызметкері.
Еске сала кетейік, неке қию үшін өтінішті жоспарланған күннен 15 күн бұрын беру қажет. Өтінішті электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы онлайн түрде тапсыруға болады. Егер болашақ ерлі-зайыптылар некені салтанатты жағдайда тіркеуді қаласа, олар салтанатты рәсім өткізу бойынша қосымша қызметке тапсырыс бере алады.
23 желтоқсан 2024 ж. 202 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 115

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 114

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 111

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930