Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы 2000-нан астам қызылордалық аты-жөнін өзгертті

2024 жылы 2000-нан астам қызылордалық аты-жөнін өзгертті

Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының 2059 тұрғыны тегін, атын немесе әкесінің атын өзгертуге өтініш берген. Бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып немесе электрондық үкімет порталы арқылы да ресімдеуге болады.
Аты-жөнін өзгерту рәсімі заңнамамен реттеледі. ҚР Кодексінің "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 257-бабына сәйкес, аты мен әкесінің атын немесе тегін өзгертуге 13 дәлелді себеп бар. Егер өтініш берушінің көрсеткен себептері заңнама талаптарына сәйкес келмесе бұл мемлекеттік қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Аталмыш қызметті ХҚКО арқылы өтінім беру үшін азаматқа жеке куәлігін беру арқылы өтінішті толтырып, 1932 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет.
Аты-жөнін өзгертудің ең көп тараған себептері ата-анасының біреуінің тегін алып жүруге деген ұмтылыс, некеге дейінгі фамилияға оралу немесе үйлесімсіздік. Облыс орталығында өтініштердің ең көп саны – 1 104. Байқоңырда аты–жөнін 375 адам, Шиеліде - 161 адам ауыстырғысы келді", - деп атап өтті облыстық АХАТ басқармасының басшысы Ботагөз Ыдырысова.
Айта кетейік, 2024 жылы бұл қызметті 26 212 қазақстандық пайдаланған.
24 ақпан 2025 ж. 168 0

Мектептегі көңіл – күй

25 ақпан 2025 ж. 110

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728