«E-GOV» порталы арқылы некені тіркеудің жолы қандай?
Kyzylorda-news.kz. Некелерін заңды түрде рәсімдеймін деген жас жұбайлар egov.kz порталының қызметіне жүгіне алады. Ол үшін екеуінің де электронды цифрлық қолтаңбасы (қосымша мобильді азаматтар базасында тіркеуі) болуы тиіс.
Онлайн өтінішті кімдер бере алады?
Ерлер мен әйелдер үшін неке (ерлі-зайыпты болу жасы) 18 жас.
Онлайн өтініш қалай беріледі?
Мәселен, ер азамат порталға кіріп, қызметті таңдағаннан кейін өтінімді толтырады.Өтінімде өзінің және зайыбының жеке сәйкестендіру нөмірлерін енгізеді.Содан соң, неке тіркелетін жергілікті атқарушы органның тіркеу бөлімін таңдап, өтінімді электронды цифрлық қолтаңбасымен ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) растайды. Одан әрі, «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің бетіне «Төлеу» батырмасы бойынша өтіп, төлемді жүргізеді.Содан соң, болашақ зайыбының өтініш беруді растауын алу керек болады. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.Некені тіркеуді растаушы зайыбына:Порталда авторизациядан өтіп және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдайды. Өтінімді толтырып және оған ЭЦҚ қояды.
Неке қай мерзім ішінде тіркеледі?
Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.Мерзімнің өтуі өтініш берілгеннен кейінгі келесі күннен басталады және келесі айдың тиісті күні бітеді. Егер осы күн жұмыс күні болмаса, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
Қызмет көрсету нәтижесі
Электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.