Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар марапат төрінде

Мамандар марапат төрінде

4 тамыз – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне орай Қазалы ауданында салтанатты шара өтті. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев сала қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Оңғарұлы кірістер саласы мамандарының мемлекет қазынасын толықтырудағы, түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы, сондай-ақ аудан экономикасын нығайтудағы елеулі еңбектерін атап өтіп, алғыс білдірді.
Мұнан соң ауданның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен бірқатар ауылдық округтердің салықшы мамандарын, сондай-ақ бірқатар сала ардагерлерін Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының «Құрмет» грамотасымен, аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапаттады.
Басқосу барысында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен салық саласының ардагері Кемалбай Көпжасаров сөз алып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін арнады. Олар мемлекеттік кірістер саласының қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы қызметтің жоғары жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
Салтанатты сәт аудан өнерпаздарының әсерлі әнімен жалғасып, шараға жиналғандарға шат-шадыман көңіл күй сыйлады. Шара салықшылар еңбегіне деген шынайы алғыс пен ілтипаттың көрінісі ретінде есте қалды.
Арайлым ЖҮСІПОВА
16 тамыз 2025 ж. 258 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 127

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031