Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекеде марапатталған мамандар

Мерекеде марапатталған мамандар

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күніне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев салық төлеушілермен жұмысты үйлестіріп, салықтық бақылауды ұйымдастыру жолында табысты жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік кірістер басқармасы ұжымының еңбегін ерекше бағалап, сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.
– 2019 жыл ауданымыз үшін табысты болды. Олай дейтініміз, өткен жылы жергілікті бюджеттің жоспары жыл басында бекітілген көлемнен жыл аяғында 213 млн теңге артық орындауға қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың 6 айында жоспар 118,5 млн теңгеге ұлғайтылып отыр. Бұл өз кезегінде, фискалды органдар мен жергілікті арқарушы органдардың бірлескен түрде атқарылған жүйелі жұмысының жемісі, ел мүддесі үшін жұмыла жұмыс жасауының арқасы деп білемін. Жыл аяғына дейін бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізіледі деген сенім бар, – деген аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ, сала ардагерлеріне де құрмет көрсетіп, бағалы сыйлықтарды табыстады.
Салтанатты жиында аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков те құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік лебізін жеткізді.
Ал, Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Темірлан Қожаназаров салық базасын ұлғайтуда ұйымшылдықпен жұмыс атқара білген ұжымдастарының еңбегін атап өтіп, аудан басшыларына алғысын айтты.
"Қазалы" ақпарат

17 тамыз 2020 ж. 936 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30