Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік кірістер басқармасының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады

Мемлекеттік кірістер басқармасының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтады

Бүгін аудандық партия филиалының төрғасы Ғазиз Әліш пен Атқарушы хатшы Нұрғиса Жалғасбаев Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай сала мамандарын мерекемен құттықтады.

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратына арнайы барған партиялықтар салық аудан экономикасының маңызды саласы екенін атап өтті.

«Еліміздің қаржылық тұрақтылығының мызғымас бөлігіне айналған мемлекеттік кірістер органдарына биыл 10 жыл толады. Ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі, соның ішінде ауданымыздың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз етудегі үлестеріңіз ерекше. Осы орайда, жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Ғазиз Әліш.

Іс-шарада басқарама ұжымына арнайы құттықтау табысталып, бірқатар қызметкерлер партия филиалы төрағасының мерекелік Алғыс хатымен марапатталды.

Жиын соңында Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Мейрамбек Ибраимов сөз алып, мерекемен құттықтап арнайы келген партиялықтарға ұжым атынан алғыс білдірді.

#AMANAT
16 тамыз 2024 ж. 87 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30