Ақша мен бала: Үнемдеуді қалай үйретеміз?
– Ойбу, мыналар қайда кетті?! Әй, келін, кел тез, ана бала қолындағысын аузына салды, жұтып қояды, – деп күншуақта алаңсыз әңгіме-дүкен құрып отырған екі қария кәпелімде орындарынан тұра алмай қалбалақтап қалды. Анадай жерде ойнап отырған немересі кішкентай жұдырығын лезде түйіп алды.
Үйден келінде жүгіре шықты. Дереу баласының аузына үңілді.
– Апа, ештеңе жоқ қой.
– Келінжан, қолын қарашы. Бірдеңе бар деймін. Кішкентай затты көрдім.
Екі жасар Еңлік кіп-кішкентай жұдырығын оңайлақыпен ашар емес. Бір кезде: «Ой, апа тиын екен ғой» деп жайбырақат орнынан көтерілген келініне Қазына әжей таңырқай қарап: «Не дейді құрысын? Алсаңшы, қолынан. Аузына салса, лып етіп тамаққа жүгіреді де кетеді» – деді. Келіні саспастан: «Апа, ол ақшаны біледі. Жұтпайды, жұмсайды» – деп күлді.
Көз алдымда болған көрініс ойландырып қойды. Шынында да қазіргі балалар ақшаны жақсы таниды. Есіме қызымның қылығы оралды. Еңлікпен жасы қарайлас. Қағаз бен қатар ақшаны берсең, ойланбастан ақшаға қол созады. Әрі «магазинге барамыз» деп былдырлап, қолыңнан тартқылайды. Осы сәттен бастап санамда «Балаға қанша жаста ақша берген дұрыс? Оның зияны мен пайдасы қандай? Ата-ана нені білгені жөн?» деген сан сұрақ қалыптасты. Бұған психолог маман не дейді? Ата-ана қандай уәж айтады? Өзге оқырманның ойы қандай? Пікірлерін білген едік.

Қымбат пен арзанды біліп өсуі керек
Әділбек ӘУЕЗХАНОВ, психолог маман:
– Балаға қымбат пен арзанның айырмашылығын 2,5-3 жастан үйрету керек. Себебі осы жаста ол салыстыра алады. Ал 7 жастан бастап ақша санап, бағаның айырмашылығын біледі.
Қалтасында ақшасы бар бала сенімдірек болады. Қатарластары қалағанын алып жатқанда, онда ақша болмаса, көңіл-күйі түсіп, өзін өзгелерден кем көре бастайды.
Бала кезден ақша ұстап үйренген бала өскенде қаржылай сауатты болады. Бұл болса, болашақта жеке бюджетті жақсы басқаруға септігін тигізеді.
Ата-анасы ақша бермесе, бала оларға ренжіп, іштей жеккөрініш сезімі туындауы мүмкін. Тіпті кейде ұрлыққа баруы да ғажап емес. Жоқшылық осындай жаман әдеттерге бастайтынын есте ұстау керек.
Бала болған соң, ақшаны дұрыс жаратуды әзір білмейді. Кейде тіпті қажет емес нәрсеге жинаған ақшасын ешкіммен кеңеспестен құртып тастауы мүмкін. Сондықтан кей ата-ана балаға ұстатпай, керек-жарақты өзі алып бергенді құптайды.
Енді бір ата-ана бала таршылықта өспесе, ақшаның құнын, қадірін білмей кетеді деп ойлайды. Бастысы - өмірдегі ең маңызды нәрсе ақша емес екендігін санаға сіңіру қажет.
Сыныбыма ақша әкелдірмеймін
Асылзат ҚАЙНАЗАРОВА, бастауыш сынып мұғаілімі:
– Қазір барлығы қымбат. Мен өзім сыныбыма ақша әкелдірмеймін. Себебі, әр отбасының әлеуметтік жағдайы әртүрлі. Біреуде бар, біреуде жоқ. Мектеп – білім алатын жер. Қалтаңда қанша ақша барын көрсетіп, мақтанатын орын емес. Барлық бала өздерін тең дәрежеде ұстау үшін ата-ана ақша беріп үйретпеу керек деген ойдамын.
Оқушыларымның көбісі үйлерінен аналарының беріп жіберген тәттілерін, тоқаштарын әкеліп үзілісте жейді. Жақын арада қаржылық сауаттылық пәні енгізілмек.Жоғарғы сыныпқа барғанда ақша ұстап, есептеуге де кеш емес.
Кейде балалардың кириешки, кола, боялған тәтті суды алып жүргенін көремін. Зиян екенін ескертемін. Алайда «сен оны алма» деп түбегейлі шектеу қоя алмаймын. Оны үйде ата-ана да құлағына құйып отыруы керек.

Зиянды заттарға үйір болады
Серік ИСМАТОВ, ата-ана:
– Өзіміз де бала болдық. Шыны керек қолымызға ақша тисе, жейтіннен көрі, өзге зиянды заттар алатын едік. Ондағы мақсат ашып, пайдаланып көру. Мәселен кішкентай ғана жарылғыш зат. Әсіресе жаңа жыл қарсаңында қаптап кетеді дүкендерде. Даусы да, иісі де тым жаман. Зияны да жетіп жатыр. Бала кезде бәрі қызық ғой. Одан өзге де қызылды-жасылды жылтыраған заттарға әуес болады бала. Тіпті жастайынан шылымға әуес болған жандарды да көзіміз көрді.
Сондықтан ақша бермеу керек деген ойдамын. Бастауыш сыныпта оқитын оқушыны ата-анасы үйден дұрыстап тамақтандырып жіберсе, айналасы 3-4 сағатқа қарны аша қоймас. Қарны ашып қалады десе, үйден сөмкесіне салып беруге болады. Отбасылымын, болашақта балаларымды ақшаға үйретпеймін деген жоспарым бар.
Достарыммен дүкенге барған ұнайды
Айару ӘМІРХАН, оқушы:
– Мен №16 мектеп-лицейде 3 «а» сыныбында оқимын. Сабаққа таңертең барамын. Анам күнделікті 100-150 теңге береді, соны жұмсаймын. Көбіне сағыз, кириешки аламын. Қарным қатты ашады дей алмаймын.
Достарым дүкенге барғанда менің де барғым келеді. Сыныпта барлық оқушы әкеледі ғой. Ата-анам кей күндері ақша бермесе, ренжіп қаламын. Бірақ қалайда тауып беріңдер деп жыламаймын.