Әлемде мультимиллионерлер саны 713 мыңнан асты: қай елдер алда тұр?

Соңғы бес жылда әлемде аса бай адамдар саны айтарлықтай өсті. Қазіргі таңда капиталы 30 миллион доллардан асатын адамдар (UHNWI) саны 713 мыңнан асып, шамамен 714 мыңға жетті. Бұл туралы Knight Frank платформасы хабарлады.
Зерттеу деректеріне сәйкес, соңғы жылдары әлемде күн сайын орта есеппен 89 жаңа мультимиллионер пайда болып отырған. Жалпы алғанда, 2021-2026 жылдар аралығында мұндай адамдар саны 551 мыңнан 713 мыңға дейін өсіп, бес жыл ішінде 162 мыңнан астам жаңа ауқатты азамат қосылған.
Байлық қай өңірде шоғырланған?
Қазіргі таңда әлемдік байлықтың басым бөлігі үш негізгі өңірде шоғырланған:
Солтүстік Америка – 37%
Азия-Тынық мұхиты аймағы – шамамен 31%
Еуропа – 25%
АҚШ бұл тізімде көш бастап тұр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы бес жылда Америкада жаңа мультимиллионерлер саны жеке бір өңірлерге қарағанда да көп өседі.
Миллиардерлер географиясы өзгеріп жатыр
Қазіргі уақытта әлемде шамамен 3110 миллиардер бар. Сарапшылар олардың орналасуы бұрынғыға қарағанда әртараптанып келе жатқанын айтады. Яғни байлық тек дәстүрлі қаржы орталықтарында ғана емес, басқа елдерде де тарала бастады.
Кейбір мемлекеттерде миллиардерлер саны алдағы жылдары айтарлықтай өседі деген болжам бар. Мысалы, зерттелген елдердің бірінде 2026-2031 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 77 пайызға артуы мүмкін.
Жаңа өсім орталықтары
Алдағы бес жылда аса бай адамдар санының ең жоғары өсімі дамушы елдерде байқалады деп күтілуде. Рейтингтің көшін Индонезия бастап тұр – бұл елде өсім 82 пайызға жетуі мүмкін.
Одан кейінгі орындарда:
- Сауд Арабиясы – 63%
- Польша мен Вьетнам – 59%
Сонымен қатар Аeстралия да ерекше назар аудартады. Алдағы бес жылда бұл елде мультимиллионерлер саны шамамен 60 пайызға өсіп, 26 мың адамға жетуі мүмкін. Бұл дегеніміз – әрбір мың адамның біреуі 30 миллион доллардан астам капиталға ие болады деген сөз.
Ал Үндістанда соңғы жылдары қарқынды өсім байқалған. 2021-2026 жылдары елдегі ең бай адамдар саны 63 пайызға артып, 12 мыңнан 20 мыңға жуықтаған. Дегенмен алдағы кезеңде бұл өсім қарқыны біршама баяулауы мүмкін – шамамен 27 пайыз деңгейінде болады деп болжануда.












