Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алдымен кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы аудандық көпбейінді орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов баяндама жасады. Мұнан соң, театр, мұражайлар мен басқа да мәдени ошақтарға балалар мен жасөспірімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұржан Аралбаев, сондай-ақ, үшінші мәселе Қазалы қаласы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы міндеттер бойынша қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Масақов баяндады.
Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелелер талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Комиссия төрағасы Жәнібек Алмасұлы комиссиядағы көтерілген мәселе бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін, олардың бос уақыттарын тиімді өткізу бағытында тиісті шаралар ұйымдастыру керектігін айтты. Сондай-ақ олардың арасында оқыс оқиғалар, құқық бұзушылықтар мен қылмыстар болған жағдайда комиссия жедел шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.
Айта кетейік, комиссия төрағасы жиын соңында алдыңғы комиссия отырыстарында қаралған балалардың жағдайы туралыда сөз қозғап, комиссияда қаралған әрбір жасөспірімнің жағдайы үнемі назарда болу керектігін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі



27 маусым 2025 ж. 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031