Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандар мәселесіне қатысты кезекті комиссия отырысы өтті

Кеше Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде – кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың алдын алу профилактикасы мәселесі қозғалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Махаббат Бегалиева және оған қосымша Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының жасөспірімдер жөніндегі дәрігері Қуанышбай Әбілбаев баяндама жасады.
Жиын барысында комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселені талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Комиссия төрағасы Дәурен Оңғарбайұлы комиссияда қаралған мәселенің бүгінгі таңдағы өзектілігі өте жоғары екендігін жеткізіп, балалардың қауіпсізідігі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, комиссиядағы көтерілген мәселе бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, комиссия төрағасы жиын соңында алдыңғы комиссия отырыстарында қаралған балалардың жағдайы туралы да сөз қозғап, комиссияда қаралған әрбір жасөспірімнің жағдайы үнемі назарда болу керектігін жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 сәуір 2024 ж. 244 0

Отбасы – бақыт мекені

15 мамыр 2025 ж. 103

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031