Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Жәнібек Алиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссияның күн тәртібінде – аудандық полиция бөлімінің ұсынысы мен кәмелетке толмағандарға психологиялық, медициналық көмектердің ұйымдастырылуы мәселелері қаралды.
Алдымен күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Махаббат Бегалиева хабарлама жасады. Ал, аудандық емхананың психологы Сая Бақтаева аудан бойынша кәмелет жасына толмағандарға психологиялық, медициналық көмектердің ұйымдастырылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы атап өтті.
Баяндамашылардан кейін комиссия мүшелері күн тәртібінде қозғалған мәселелерді талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады. Сонымен қатар қаралған мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Комиссия отырысын қорытындылаған Жәнібек Алмасұлы отырыста қаралған мәселелердің хаттамасын рәсімдеп, тиісті органдарға таратылуын тапсырды.
22 мамыр 2025 ж. 279 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930