Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың қауіпсіздігі –басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі –басты назарда

Қазалыда аудан әкімінің тапсырмасына орай жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетовтың төрағалығымен Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицей мен №170 мектеп, Қазалы қаласындағы №16 мектеп-лицейде комиссияның көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі комиссия отырыстарына аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мүшелері, мектеп директорлары мен мұғалімдер, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Комиссияның күн тәртібіндегі кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларда тұрмыстық зорлық-зомбылық, жыныстық қол сұғылмаушылық қылмыстарының құрбаны болуы деректерінің қаралуы, көрсетілген көмектер туралы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғанибек Құрманалиев, кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігі, оның ішінде он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағанның жүктілігі жөнінде Қазалы көпбейінді аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айымкүл Ещанова хабарлама жасап, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Басқосу барысында комиссия мүшелері, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Болат Жолтаев, аудандық мәслихат депутаты Эльмира Нұрмағамбетова және аудандық жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры Жора Қартқожақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге байланысты сөз қозғап, ой-пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, ата-аналар да өздерінің балалар тәрбиесіне қатысты ұсыныстарын айтты.
"Қазалы"ақпарат
11 қазан 2023 ж. 333 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 150

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 179

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 166

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031