Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Компания көлік сыйлады

Компания көлік сыйлады

egemen.kz Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты.

Салтанатты іс-шарада компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков денсаулық сақтау саласы елдегі ең маңызды салалардың бірі екенін айта келе, компанияның жедел жәрдем көліктерін тарту етуі – өңірдің әлеуметтік қамтамасыз етілуіне қосқан үлесі екенін айрықша атады.

«Сіздер өндірілетін өнімнің сапасы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік арқылы да халық игілігі үшін барлық салада, соның ішінде денсаулық сақтау жүйесін қолдау бағытында еңбек етіп жатқандарыңызды дәлелдедіңіздер. Бұл – компанияларыңыздың осы саладағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнестің халықпен қарым-қатынаста қалай әрекет етуі керектігінің жарқын үлгісі. Осыған орай, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі, өңір тұрғындарының атынан көрсеткен қолдауларыңызға шынайы алғысымды білдіреміз. Өз кезегінде басқа да ірі бизнес өкілдері де сіздерден үлгі алады деп сенеміз», деді Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов.

Қанатын кеңге жайған компания елімізде 10 жыл бұрын тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласының маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешен ашылды. «Маревен Фуд Тянь-Шань» еліміздегі жетекші азық-түлік өндіруші компаниялардың ТОП-10-дығына кіреді. Айта кету керек, компания негізінен жергілікті шикізатты пайдаланады, өндірілетін өнімдер еліміздің заңнамасының талаптары мен регламенттеріне сай келеді.
23 мамыр 2025 ж. 185 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930