Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Енді жедел жәрдемді шақыру үшін басқа нөмір теру керек

Енді жедел жәрдемді шақыру үшін басқа нөмір теру керек

103 нөмірінің алдына 9 санын жазуды ұмытпағайсыздар. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жедел жәрдем нөміріне өзгеріс енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Соңғы уақытта 103 басқару пультіне жедел жәрдем диспетчерлеріне қоңырау шалу өте қиын, кейде мүлде мүмкін емес деген шағымдар жиі түсуде. Осыған байланысты біз тергеу жүргізіп, бірқатар қателерді анықтадық. Олардың бірі көптеген қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің жедел диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне - 112 түсетін болып шықты», – деп жазылған хабарламада. Beeline ресми ақпараты бойынша, бір ғана себеп бар - ол қытайлық смартфондар. «Кейбір танымал қытайлық брендтердің мобильді құрылғыларынан жедел жәрдем қызметіне (103), полицияға (102), өрт сөндіру қызметіне (101) және авариялық газ қызметіне (104) қоңырау шалу мүмкін емес. Барлық қоңыраулар автоматты түрде Төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай диспетчерлік қызметінің телефон нөміріне бағытталады - 112. Егер сізде осындай мәселе туындаса терілген нөмірдің алдына 9 санын қосыңыз», – деп жазылған Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті таратқан хабарламада. Мәселен: 9103 - жедел жәрдем; 9102 - полиция; 9101 - өрт сөндіру бөлімі. Алматы жедел жәрдем, 9, 9103, 103
16 тамыз 2021 ж. 805 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 138

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 105

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031