Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді жедел жәрдем көлігін онлайн картадан бақылауға болады

Енді жедел жәрдем көлігін онлайн картадан бақылауға болады

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын енді нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Пилоттық жоба туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Арнайы мобильді қосымша арқылы жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын кейбір шақыртулар санаты бойынша тек елорда тұрғындары бақылай алады.

Енді жедел жәрдемнің бірінші кезектегі шұғыл шақыртулары бойынша науқастың телефонына SMS-хабарлама келеді. Онда жедел жәрдем көлігінің нақты уақыт режимінде қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін онлайн-картаға сілтеме болады. Бұл карта арқылы науқас жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын көре алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "103" нөміріне хабарласатын азаматтардың жартысына жуығы жедел жәрдемнің келу уақытын нақтылайды. Ал жаңа интерактивті карта диспетчерлік қызметке түсетін қайталама қоңырауларды азайтып, диспетчерлерге басқа шақыртуларды қабылдауға мүмкіндік береді.

“Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласының әкімдігі және Yandex Qazaqstan компаниясымен бірлесіп, жедел медициналық көмек бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Болашақта бұл жобаны әрі қарай дамытуды көздеп отырмыз. Егер пилоттық жобаның нәтижесі оң болса, оны шұғылдықтың басқа санаттары және еліміздің өзге қалалары мен өңірлеріне де кеңейтеміз”, – Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Қасенов.

21 мамыр 2025 ж. 124 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930