Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Айару топ жарды

Айару топ жарды

Жақында Щучинск қаласынан ақжолтай хабар жетті. Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі ұйымдастыруымен өткен «Зерде» республикалық 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсының республикалық сынында зерделі бүлдіршініміз топ жарған.

Әйтеке би кентіндегі С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің 4 сынып оқушысы Айару Аманбайдың, жетекшісі Айнұр Медетованың айтуынша, «Әже тақырыбындағы шығармалардың құндылығы мен тәрбиелік мәні» атты тақырыптық зерттеуі алдымен аудандық жарыс­та бақ сынаса, жұмыс облыстық кезеңде де жақсы ұпайға ие болған. Республикалық байқауда да ең жоғарғы жұмыс саналып, көпшілік қызығушылығына ие болған.
Жұмыстың тәрбие-тағылымдық мәні зор. Тақырыпты талдай отырып, белгілі авторлар туындыларында көтерген құндылықтарды бойға сіңіріп, өзі сынды балалардың қызығушылығын кітапқа бағыттауды өзектілік деп таныпты.
Нысанаға алынған 10 шығарманың әрбірінен түйген құндылығын бала тілінде, өз танымында жеткізген.
– Бұл менің бірінші рет қатысып отырған жобам емес. Бірақ республикалық жарыста бас жүлде аламын деп ойлаған жоқпын. Ұстазым, әрі анам екеуіміз көп іздендік. Жинаған мәліметімізді ғылыми негізге бағыттадық. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыздар, – деді әсерін бізбен бөлісіп.
Айару Болатқызы – үздік оқушы. Мектептің іс-шараларына белсене араласады. Көпшіл. Ізденімпаз. Жаңа дүниелерді меңгеруді үнемі мақсат тұтатынын білдік. Білімді шәкіртке біз де «бағындырар биігің көп болсын!» дедік.


Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
04 наурыз 2025 ж. 58 1

Halina от 12 наурыз 2025 15:17
Ищете, где разместить или найти объявления в СПб и Ленобласти? Присоединяйтесь к Telegram группе Авто с пробегом Петербург! Здесь вы сможете легко и быстро размещать свои предложения по Санкт-Петербургу и области. Хотите что-то продать или купить? Нужна работа или услуги? Всё это у нас! #объявления #СПб #СанктПетербург #ЛенинградскаяОбласть #ОбъявленияСПБ Будьте в курсе всех актуальных предложений в вашем регионе! Другие города РФ здесь.. Папка

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 103

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 100

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 99

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930